БІЛІМ БИІГІНДЕГІ БАС ЖҮЛДЕ!
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының «Достық» бөбекжай-бақшасының әдіскері, кәсіподақ мүшесі Бектасова Гүлбақыт Аманбайқызы «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» атты республикалық байқауда Бас жүлдені иеленіп, өңір абыройын асқақтатты.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік мамандар бақ сынаған байқауда Гүлбақыт Бектасова өзінің кәсіби біліктілігін, жаңашыл көзқарасын, шығармашылық ізденісін және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озық тәжірибесін жоғары деңгейде таныта білді.
Бұл тынымсыз еңбектің, үздіксіз ізденістің, кәсіби дамуға деген ұмтылыстың және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген білікті маманның бұл жетістігі – барша әріптестеріне үлгі, жас мамандарға шабыт.
Гүлбақыт Бектасованы жеңісімен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Бағындырар биіктеріңіз көп болсын!
Бас жүлде құтты болсын!
Ақтөбе облыстық кәсіподағы