БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымында тікелей қызмет көрсету бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының жұмыс жиналысы өтті. Жұмыс жиынын облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қасенова ашып, жүргізді.
Жиын жағымды сәттен басталды. Белсенді қоғамдық қызметі және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Бекеева Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестері оны жоғары марапатымен ыстық ықыласпен құттықтап, қоғамдық жұмысында жаңа табыстар тіледі.
Салтанатты бөлімнен кейін кәсіподақ активі күн тәртібіндегі басты мәселелерді қарауға көшті. Талқылаудың негізгі тақырыбы — бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің өзекті ұйымдастырушылық-қаржылық мәселелері және оларды шешудің тиімді жолдары болды.
Дискуссияға Салалық кәсіподақ тарапынан облыстық ұйымда жүргізілген қаржылық жұмыс пен бухгалтерлік есептің жай-күйін жоспарлы талдау және зерделеу нәтижелері негіз болды. Кездесуге қатысушылар берілген ұсыныстар мен қорытындыларды егжей-тегжейлі талдады. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтауға, есептік құжаттаманы жүргізуді жетілдіруге және кәсіподақ қаражатын пайдаланудың барынша ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына құқықтық мәселелер, қаржылық-бухгалтерлік қызмет, ұйымдастыру жұмысы бағыттары бойынша кеңестер берді.
Жиналыс қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына жұмыстарын одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Әзірленген шаралар кәсіподақтың ұйымдастырушылық бірлігін нығайтуға және өңірдегі әлеуметтік сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысы
-
Фотографии
-