Кәсіподақ жастарының Қаратеңізге сапары
2016 жылғы 21-24 сәуірде Түркия елі Қаратеңіз жағалауында орналасқан 110000 халық саны бар Ерегли қаласында Turkmetal кәсіподағының ІІІ жастар құрылтайы өтті.
Құрылтайға жан-жақтан келген шетел делегациялары қатысты. Оның ішінде Молдова, Румыния, Албания және Қазақстан елдері. Сонымен бірге аталмыш қаланың маңында орналасқан металлургия зауытының 700 жұмыскері мен Түркияның 23 жоғары оқу орнынан келген 200 студенттер қауымы қатысты. Құрылтайға жалпы 900 адам келді. Келген күні шетел жастарымен танысу шарасы өтті, қазақстандықтардың өкілі қатарында Павлодар облысынан Ернар Иманбаев.
Құрылтай Түркия елінің мемлекеттік гимнімен ашылып, зауыттың жұмыскерлері кәсіподағының қатысуымен бейнеролик көрсетілді.
Шетел делегацияларының атынан ашылу салтанатында Ернар Иманбаев түрік тілінде алғы сөз сөйлеп, екі елдің, мемлекеттің бауырластығы мен ерекше қарым-қатынастарын, кәсіподақтар саласындағы ынтымақтастығын атап өтті.
Одан әрі Turk metal кәсіподағының өкілдері мен мүшелері, оның ішінде жоғары оқу орнының факультет деканы Серпил Айтач және қаланың әкімі Хусеин Уюсал баяндамаларын оқып, қазақстандық өкілдің сөйлеген сөзіне тиек сілтеме жасап, екі ел арасындағы достастықты тағы бір атап өтті.
Turk metal кәсіподағының төрағасы Певрул Кавлактың баяндамасының негізгі бағыттары саладағы жастар мен жұмыскер әйелдердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған. Оның баяндамасын барша көрермендер, яғни кәсіподақ мүшелері белсенді түрде қолдау көрсетіп отырды.
Құрылтайдың жалғасында жан-жақтан келген профессорлар кәсіподақ қызметі мен оның негізгі бағыттары туралы студенттерге дәріс оқып, көптеген ақпарат берді.
Turk metal кәсіподағы тарапынан бүгінгі күні зауыттар мен фабрикалардағы жұмыскерлерді жұмыстан шығармау немесе қысқартпау туралы 150 000 келісім және меморандумға қол қойылған. Жыл сайын Turk metal кәсіподағы мүшелерінің жоғары оқу орындарында оқитын балаларына, яғни студенттерге кәсіподақ шәкіртақысы төленеді. Сонымен бірге Түркия еліндегі текстиль фабрикаларының жастарымен де көптеген кездесулер өткізіледі.
Құрылтайдың ІІ жартысында яғи 23 сәуірде студенттер өз баяндамаларын оқыды. Жас студенттер өздерінің кәсіподақ саласына, еңбек қорғау тақырыбына арнаған дипломдық жұмыстарын ұсынды. Шетелдік делегация да өз ақпараттарымен, тәжірибесімен бөлісті. Turk metal кәсіподағы тарапынан қала маңында орналасқан 6 мыңнан астам жұмыскері бар металлургиялық зауытқа және қала ішінде экскурсия ұйымдастырылды.
Ернар Иманбаев, Павлодар облысы
-
Фото
-