БІЛІМ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЮДА
2022 жылдың 8 қазанында Түркістан қаласында «Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жұмыспен қамту және лайықты еңбек. Кәсіподақтардың рөлі» атты халықаралық конференция өтті.
Конференция жұмысына ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі - Сергеюс Гловацкас, Өзбекстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Равшан Бедилов бастаған делегация, ҚРКФ төрағасының орынбасары - Гүлнар Жұмагелгедиева, Салалық кәсіподақтың Жамбыл, Қызылорда, Түркістан,Жетісу облыстық, Алматы , Түркістан, Шымкент қалалық ұйымдарының делегациясы қатысты.
Жиынға қатысушылар алдында С.Гловацкас, Г.Жұмагелдиева, Р.Бедилов және Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйледі.
«Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жұмыспен қамту және лайықты еңбек. Кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында С.Гловацкас баяндама жасады. Ол өз сөзінде халыкаралық еңбек ұйымының құрылу тарихы мен ұйымның мақсат-міндеті туралы ақпарат берді.
Содан кейін 2017 жылғы 5 маусымда Женева қаласында Халықаралық еңбек конфедерациясының 106-сессиясында қабылданған № 205 ұсынысқа толығырақ тоқталды. R205 мақсаттары - қақтығыстар мен табиғи апаттардан туындайтын дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, қалпына келтіру, бейбітшілік пен тұрақтылық мақсатында жұмыс орындарын құру және лайықты жұмыс; Жұмыспен қамту және лайықты жұмыс арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстарды қамтитын жалғыз халықаралық база болып табылады.
Ұсыныстар ХЕҰ-ның нақты рөлін белгілейді және кәсіподақтарға қақтығыстар мен апаттар жағдайында ықпал ету үшін дауыс беру құқығы мен құралдарын ұсынады.
Қазіргі тұрақсыз әлемде, әлемнің әр түкпірінде әскери қақтығыстар орын алып отырған кезеңде табиғи апаттар мен мигранттар ағыны артып келеді, оларды жұмысқа орналасуға, келген елге бейімделуге көмектесу қажет, бұл тұрғыда кәсіподақтар осы адамдардың тағдырына белсенді араласуы керек.
Өзбекстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төраға орынбасары Махмұд Бабаяров бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының ғасырлар бойғы достығына, екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастығына баса назар аударды,
ХЕҰ-на республикадағы балалар еңбегін жоюға көмектескені үшін алғысын білдірді.
Айгүл Мұқашева өз сөзінде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері бір-бірін қолдай отырып, қиын шақта сындарлы ынтымақтастығын арттырып келе жатқанын атап өтті.
Біз біртұтас мақсат - екі елдің өркендеуіне негізделген берік және үйлесімді қарым-қатынас орната білдік.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуы жедел серпінге ие болды. Сондай-ақ, біздің елдеріміздің арасында білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді.
Бауырлас елдердің кәсіподақ құрылымдары арасында да тығыз байланыстар орнатылған. Өткен жылы екі елдің салалық кәсіподақтары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның басым бағыты лайықты еңбекақы төлеу мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту, мұғалімдер мен ғалымдар беделін арттыру, білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша келісілген ұсынымдар мен іс-қимыл тактикасын қабылдау болып табылады.
Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат өзбек әріптестердің үлкен қызығушылығын туғызды.
Конференцияға қатысушылар қызықты және мағыналы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Конференция соңында R205-ті жұмыста белсенді пайдалану; ХЕҰ, БКЕК халықаралық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өңірлік елдік кездесулер, конференциялар өткізуді тәжірибеге енгізу, екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
-
Фото
-