• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Халықаралық ынтымақтастық

  • Басты бет
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • БЕЛАРУСЬ БІЛІМ ЖӘНЕ…
БЕЛАРУСЬ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ

17-20 сәуір күндері Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының шақыруымен елімізге Беларусь білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т.Якубович бастаған делегация ресми сапармен келді.

Сапар мақсаты-салалық кәсіподақтың жұмыс тәжірибесін зерделеу, әлеуметтік әріптестермен кездесу, екі елдің білім беру кәсіподақтары арасында достық байланыстар орнату және нығайту.

Бағдарлама өте ауқымды болды: қонақтар салалық кәсіподақтың әлеуметтік әріптестік өкілдері – Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ш.Кариновамен және Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қ.Ерғалиевпен кездесті. Кездесу барысында қонақтарға білім, ғылым және жоғары білім саласындағы өзгерістер, салалардағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, қонақтар Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайына, Астана қаласының № 89 мектеп-лицейіне барды. ЕҰУ-де делегация мүшелері қазақ мемлекетінің көне карталарының көрмесімен танысты. Құнды жәдігерлерді іздестіруге және қалпына келтіруге көрнекті ғалым, ЕҰУ қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров үлкен үлес қосқан болатын. Университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Л. Нұрқатовамен кездесуде тараптар ғылым мен жоғары білімді дамыту, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

20 сәуірде Беларуссиялық әріптестер Салалық кәсіподақтың техникалық инспекторларына арналған республикалық семинарына қатысты. Семинар соңында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы мен Беларусь білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар кәсіподақ мүшелерінің еңбек, экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде күш біріктіріп, ынтымақтасатын болады.

    • Фото


    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты