Қазақстан халқы Ассамблеясында жастар қанатымен кездесу өткізілді
17 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясында жастар қанатымен кездесу өткізілді, онда Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады және «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты ұсынымдарын берді.
Іс-шара барысында Астана қаласының Жастар мәслихатының депутаты, Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподақ бас маманы Әбиева Әлия ұлттың рухани өрлеуіне жетектейтін «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстарын айтты.
Атап айтсақ, қатысушылар экология саласының өлкетану жұмыстарының шеңберінде, Астана қаласын көгалдандыру мақсатында «ҚХА Жастар аллеясын» жасауды, жастарды жалпыұлттық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірігіп, «ҚХА патриоттық лагері» Жастар форумын өткізуді ұсынды. Сонымен қатар, өздерінің кіші отаны – Астанаға қолдау көрсетуге ниетті жастардың қатарынан Астана қаласының «Жастар мәслихатында» ҚХА жастарының депутаттық тобын құру жөнінде ұсыныстар берді.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Жүнісбеков Б.Ә. өз кезегінде, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жас өкілдерін 2018 жылға арналған қалалық ауқымды іс-шаралар жоспарын жасауға атсалысуға және өтетін іс-шаралар мен жобаларға белсене қатысуға шақырды.
-
Фото
-