• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Құқықтық қызмет

  • Басты бет
  • Құқықтық қызмет
  • САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН…
  • САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫЛЫ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ

    Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге заңмен белгіленген ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі.
    Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының негізгі, қосымша түрлері беріледі.
    ҚР Еңбек кодексінің (ҚР ЕК) 88- бабына сәйкес ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
    Сондай-ақ, ҚР ЕК 139-бабының 10 –тармағына сәйкес азаматтық қызметшілерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының көбірек саны көзделген.
    Педагогтерге ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына және ҚР «Білім туралы» Заңының 53-бабы 1-тармағына сәйкес ұзақтығы күнтізбелік 56 күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына кепілдік берілген.
    ҚР ЕК 93-бабының 1–тармағы 1)-тармақшасына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.
    Сонымен қатар, Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің 6.8. тармағына сәйкес еңбек демалыстарының кестесі жұмыскерлердің өтінішімен бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша ұйым басшысымен күнтізбелік жыл басталғаннан бастап он күннен кешіктірілмей әзірленетінін атап өту керек.
    Еңбек заңнамасында ақылы еңбек демалысын берудің тәртібі белгіленген. ҚР ЕҢ 91-бабы негізінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
    1) нақты жұмыс істелген уақыт;
    2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
    3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт есепке алынады.
    Осы тұста, білу маңызды: әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің 6.9. тармағына сәйкес тамыздан бастап қазан айының аралығында жұмысқа қабылданған педагогтарға оқу жылының аяқталуы бойынша алғашқы жұмыс жылы үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерлердің тиісті санаты үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ұзақтылықта алдын ала берілетінін ескеру қажет.
    Мынандай жағдайды қарастырып көрейік: Педагог 2020 жылдың қыркүйек айында жұмысқа қабылданды. Оқу жылы аяқталғаннан кейін бірінші жұмыс жылы үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы педагогқа 2021 жылғы шілдеден әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімге сәйкес ұзақтығы күнтізбелік 56 күн алдын ала берілді.
    Қыркүйек айынан бастап еңбек демалысы аяқталғаннан кейін (126 күнтізбелік күн) жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік демалыста болған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап педагог жұмысқа кіріседі.
    Бұл жағдайда педагогқа келесі ақылы еңбек демалысы шілде айында 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың маусым айына дейінгі жұмыс кезеңі үшін шамамен 45 күнтізбелік күнге берілуі керек.
    Екінші жағдай, егер қызметкер қараша немесе желтоқсан айларында мұғалім болып жұмысқа орналасса, оған ҚР ЕК 91-бабына сәйкес нақты жұмыс істеген уақыты үшін демалыс беріледі.
    Кодекстің 154-бабының 2 және 7 тармақтарына сәйкес Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады, сондай-ақ келісімнің талаптарын жалтару, сол сияқты бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты