• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподақтық оқыту

  • Басты бет
  • Кәсіподақтық оқыту
  • САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫ…
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕСІ

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қалалық және аудандық ұйымдардың төрағаларына арналған екі күндік семинар-кеңесі басталды. Семинар-кеңес жұмысына Абай, Алматы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстық және Астана қалалық кәсіподақ ұйымдарының филиал басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысуда.

Екі күн бойы семинар-кеңеске қатысушылар алдында Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің мамандары сөз сөйлеп, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақтың ақпараттық жұмыстарын жандандыру секілді жұмыс тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Иманбаев кәсіподақта есеп берулер мен сайлаулар өткізу тәртібі туралы сөз қозғап, кәсіподақ жетекшілерінің негізгі құзыреттерін (стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру) баяндады.

Кәсіподақ аппаратының бас маманы Ғ.Айкумбаева марапаттау (наградтау) құжаттарын рәсімдеу тәртібі туралы жан-жақты түсіндірді.

Салалық кәсіподақтың бас есепшісі Г.Тоқабаева кәсіподақ ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметімен таныстырды.

Бас есепші кәсіподақ ұйымының қаржысы: оларды құру мен пайдаланудың негізгі принциптері, кәсіподақ ұйымдарында қаржылық жұмысты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, кәсіподақ ұйымдарының салық салу ерекшеліктері, мүшелік кәсіподақ ұйымдарындағы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпарат берді.

Күннің екінші жартысында Кәсіподақтың құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева «Еңбек қатынастарын реттаудегі әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің рөлі» туралы сөз қозғады.

Райхан Мамашиқызы өз сөзінде Салалық, аймақтық келісімдер. Ұжымдық шарт: оны әзірлеу, тіркеу, бақылау, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі Кәсіподақтың рөлі, сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Кәсіподақтың құқықтық қызметінің негізгі міндеттеріне толығырақ тоқталды.

Кәсіподақтың Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы А. Бектабанов «Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда кәсіподақтың негізгі міндеттері» тақырыбында сөйледі.

Айдарбек Жасұланұлы еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау бойынша өндірістік жарақаттануды талдау, еңбекті қорғау бойынша проблемалық мәселелер және жұмыс берушінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуіне бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жөнінде тарқатып айтып берді.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауап алды.

Семинар жұмысы ертең 3 қарашада жалғасатын болады.

 

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі

    • Файлдар


Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты