САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-КЕҢЕСІ
9 қараша 2022 ж. Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қалалық және аудандық ұйымдардың төрағаларына арналған кезекті екі күндік семинар-кеңесі басталды. Осы аптада семинар-кеңес жұмысына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымдарының филиал басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысуда.
Семинар-кеңес жұмысын аша отырып Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров қатысушыларды құттықтады.
- Біз барлық кәсіподақ құрылымдарының толық өзара байланысы болған жағдайда ғана сапалы дами аламыз. Сондықтан жұмыстың мұндай форматы өте пайдалы деп есептейміз., - деп атап өтті Виктор Федорович.
- Аудандық және қалалық ұйымдар кәсіподақ жұмысындағы маңызды буын болып табылады. Сіздер қалалар мен аудандардағы кәсіподақ мүшелеріне жақынсыздар, қазіргі уақытта кәсіподақ мүшелерін не қызықтыратынын жақсы білесіздер. Сондықтан сіздердің қызметтеріңізді жетілдіріп, тәжірибе алмасу және жаңа білім алу үшін мұндай шаралар өте маңызды.
Екі күн бойы семинар-кеңеске қатысушылар алдында Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің мамандары сөз сөйлеп, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақтың ақпараттық жұмыстарын жандандыру және т.б. жұмыс тәжірибелерімен бөлісетін болады:
Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева - «Еңбек қатынастарын реттаудегі әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің рөлі туралы»;
Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы А. Бектабанов - «Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда кәсіподақтың негізгі міндеттері туралы»
Салалық кәсіподақтың бас есепшісі Г.Тоқабаева - «Кәсіподақ ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы»;
Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Иманбаев – «Кәсіподақта есеп берулер мен сайлаулар өткізу тәртібі туралы»;
Кәсіподақ аппаратының бас маманы Ғ.Айкумбаева – «Марапаттау (наградтау) құжаттарын рәсімдеу тәртібі туралы»;
Семинар-кеңес барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауап алды.
Семинар жұмысы ертең 10 қарашада жалғасатын болады,
Семинар-кеңес аясында ауқымды мәдени бағдарлама қарастырылған: қатысушылар Елорданың басты көрікті жерлерін аралап, «Астана Опера» опера және балет театрына барады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Файлдар