• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподақтық оқыту

  • Басты бет
  • Кәсіподақтық оқыту
  • АҚПАРАТТЫҚ, ӨНІМДІ,…
АҚПАРАТТЫҚ, ӨНІМДІ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ: ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ТӘМАМДАЛДЫ

24 қараша 2023 жылы Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қалалық және аудандық ұйымдардың төрағаларына арналған кезекті семинар-кеңесі өз жұмысын тәмамдады. Атап өтейік, осы аптада семинар-кеңес жұмысына «Ұстаз» Алматы қаласының жергілікті кәсіподағы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстық, Қарасай аудандық жергілікті кәсіподақ ұйымдарының филиал басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.

Семинардың екінші күнгі жұмысын Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева ашты. Ол қатысушыларға «Еңбек қатынастарын реттаудегі әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің рөлі туралы» ақпарат берді.

Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы А. Бектабанов «Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда кәсіподақтың негізгі міндеттері туралы» тақырыбында сөйледі.

Екі күндік бағдарлама кәсіподақтар қызметінің барлық бағыттарын қамтыды. Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген өзекті сұрақтарына толымды жауаптарын алды. Семинар-кеңес жұмысын Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қорытындылады.

Іс-шара соңында ашық микрофонға уақыт бөлінді, оның барысында семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар-кеңестің мәдени бағдарламасы аясында қатысушылар Елорданың көрікті жерлерін тамашалап, кешке «Астана опера» опера және балет театрына барады.

Республикалық семинар-кеңес туралы Түркістан қалалық ұйымының төрағасы Диана Тұрманова өз пікірімен бөлісті:

- Семинар-кеңес маған үлкен әсер қалдырды, Егер семинардың маңыздылығы туралы айтатын болсақ, онда мен өз жұмысымда қолдануға болатын қосымша көптеген ақпарат алдым деп сенімді түрде айта аламын. Ақпараттық, өнімді, тиімді және пайдалы!

Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақтияр Махамедов:

- Қарым-қатынас, тәжірибе алмасу үшін тамаша іс-шара. Кәсіподақ қызметін жетілдіру бойынша кеңестерді тыңдау жағымды және тиімді.

Семинар өте танымдық, әрі қарай ілгерілеу мен дамуға деген құлшынысты қалыптастырады.

 

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі

    • Файлдар


Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты