КӘСІПОДАҚ АКТИВІН ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА
2023 жылдың 30 қараша күні Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қалалық және аудандық ұйымдардың төрағаларына арналған кезекті екі күндік семинар-кеңесі басталды. Осы аптада семинар-кеңес жұмысына Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстық және Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымдары филиалдарының басшылары қатысуда. Атап өту керек, бұл бір ай ішінде Салалық кәсіподақтың аудандық және қалалық ұйым төрағаларына арнап өткізіп отырған төртінші семинары.
Семинар-кеңес жұмысын Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров ашты. Ол өз сөзінде семинар-кеңестің кәсіподақ қызметін желдірдірудегі маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға Салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берді.
Екі күн бойы семинар-кеңеске қатысушылар алдында Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің мамандары сөз сөйлеп, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақтың ақпараттық жұмыстарын жандандыру және т.б. жұмыс тәжірибелерімен бөліседі.
Салалық кәсіподақтың бас есепшісі Г.Тоқабаева - «Кәсіподақ ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы» ақпарат берді.
Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Иманбаев – «Кәсіподақта есеп берулер мен сайлаулар өткізу тәртібі туралы» әңгімеледі. Сондай-ақ марапаттау (наградтау) құжаттарын рәсімдеу тәртібін түсіндірді.
Түстен соң кеңсе меңгерушісі М.Бейсембаева «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, кәсіподақ органдарында істер номенклатурасы туралы», Салалық кәсіподақтың баспасөз хатшысы М.Хұсынова «Кәсіподақтың оң имиджін қалыптастырудағы ақпараттық жұмыстың рөлі туралы» сөйледі.
Семинар соңында кәсіподақ төрағалары да сөз алып, жұмыс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар-кеңестің мәдени бағдарламасы аясында қатысушылар Елорданың көрікті жерлерін тамашалап, кешке Қ.Қуанышбаев атындағы театрға барады.
Ертең семинар-кеңес жұмысын Салалық кәсіподақтың құқықтық қызмет мамандары жалғастырады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі