• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподақтық оқыту

  • Басты бет
  • Кәсіподақтық оқыту
  • ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНД…
ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ТӘМАМДАЛДЫ

2023 жылдың 1 желтоқсан күні Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстық және Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымдары филиалдарының басшыларына арнап өткізген семинар-кеңесі өз жұмысын аяқтады. Атап өту керек, бұл бір ай ішінде Салалық кәсіподақтың аудандық және қалалық ұйым төрағаларына арнап өткізіп отырған төртінші семинары.

Семинардың екінші күнгі жұмысын Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева ашты. Ол қатысушыларға «Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің рөлі туралы» жан-жақты ақпарат берді.

Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы А.Бектабанов «Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда кәсіподақтың негізгі міндеттері туралы» тақырыбында сөйледі.

Екі күндік бағдарлама кәсіподақтар қызметінің барлық бағыттарын қамтыды.

Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген өзекті сұрақтарына толымды жауаптарын алды. Семинар-кеңес жұмысын Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Ф.Беженаров қорытындылады.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Барлық қатысушылар жұмыстың жемістілігі мен өнімділігін атап өтті. Алған тәжірибе мен білім, қызметтерінің түрлі салаларында кеңінен қолданылатыны туралы пікірлерін білдірді.

– Біз әр түрлі өңірлерде еңбек еткенімізге қарамастан, біздің жұмысымыз бен проблемаларымыз ұқсас, сондықтан еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық жұмыс бойынша жалпы сауалдарымызға жауап табу өте маңызды болды, - дейді Қызылорда облысының Сырдария аудандық ұйымы төрағасы Алмас Есназар, - Семинар өте қызықты және танымдық деңгейде өтті. Көптеген пайдалы және қажетті ақпараттар алдық. Алынған білім кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ұйымның күнделікті жұмысында қолданылады деп есептеймін және оның арқасында біздің жұмысымыз да сапалы болады. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет.

Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Бір ай ішінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қалалық және аудандық ұйымдардың төрағаларына арналған семинар-кеңесі аясында кәсіподақ активінің 200-ге жуық жетекшісі оқытудан өтті.

 

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі


Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты