ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ РӨЛІ: МӘРТЕБЕСІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
15 желтоқсан 2023 жылы Елордада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы «Еңбекші әйелдердің әлеуметтік саладағы рөлі: мәртебесі мен құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері, арнайы шақырылған қонақтар - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры А.Абдырахманова, Халықты жұмыспен қамту департаментінің еңбек нарығын дамыту басқармасының басшысы З.Сеитова, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің Еңбекті қорғау басқармасының басшысы Ш.Оразбеков, Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің бас сарапшысы Д.Байбатчаев, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Г.Жұмагелдиева, журналист, белгілі радио-тележүргізуші Махаббат Есен қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар алдында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйледі.
- Білім беру қызметкерлерінің 80%-дан астамы әйелдер. Біздің кәсіподақ ұйымының барлық қызметі бірінші кезекте сала қызметкерлерінің, оның ішінде әйелдердің мүдделерін қорғауға бағытталған, - деп атап өтті А.Мұқашева. Салалық кәсіподақ басшысы гендерлік саясаттың негізгі басымдықтарын ілгерілетуге, отбасылық институтты насихаттауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға, әйелдерді қолдауға бағытталған кәсіподақтың әлеуметтік жобалары туралы тарқатып айтып берді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева өз сөзінде Федерацияның гендерлік саясатының басты мақсаты еңбекші әйелдердің жағдайын, олардың мансаптық өсу, кәсіптік оқу құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайтуға, сондай – ақ отбасы мен жұмыс арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтауға ұмтылу деп атап өтті .
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.Ана мен баланы әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодекс нормаларына түсінік берді.
Журналист Махаббат Есен 2024 жылдағы коммуникациялар трендтері туралы ақпарат берді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптарын алды.
Шара соңында ашық микрофонға уақыт бөлініп, дөңгелек үстелге қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді, ұсыныстарын жеткізді.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі