«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауы туралы ЕРЕЖЕ
2022 жылдың 26-27 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық қызмет мамандарының семинар-кеңесі болып өтті.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен кәсіподақ заңгерлері мен техникалық инспекторлары, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.
Семинарды ашқан Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева баяндамасында құқықтық қызметтің басым бағыт екенін атап өтіп, 2021 жылғы жұмыс қорытындыларына тоқталды.
Кәсіподақ өкілдері «Еңбек мәселелері бойынша» және «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобаларымен жұмыс істеп, педагогтардың жалақысы мен аттестатталуына қатысты бірқатар нормативтік құжаттарды жетілдіруге қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімге қол қойылды. Облыстық деңгейде 18, аудандық деңгейде 206 келісім жасалып, 8 365 бастауыш ұйымда ұжымдық шарт бекітілді.
Өткен жылы кәсіподақ мүшелерінің 28 529 өтініші қаралды, оның 12 665-і еңбекақы төлеу мәселелеріне қатысты болды.
Кәсіподақ заңгерлері 21 141 тегін кеңес беріп, Келісу комиссияларында 101, соттарда 47 жеке еңбек дауын қарауға көмектесті.
Қоғамдық бақылау шаралары барысында 1 730 тексеру жүргізіліп, 2 797 бұзушылық анықталды. Нәтижесінде заңсыз жұмыстан шығарылған 17 қызметкер жұмысқа қайта алынды.
Салада 8 363 техникалық инспектор жұмыс істейді. Олар еңбек жағдайлары бойынша 3 825 тексеру жүргізді.
Семинар барысында ҚР БҒМ өкілдері педагогтарды аттестаттау, ротациялау және еңбекақы төлеу мәселелері бойынша мамандардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Жамбыл, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері құқықтық қорғау жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті.
Екінші күні Нұр-Сұлтан қалалық «Әділет» кәсіподағының төрағасы Б.Алиев әлеуметтік әріптестік туралы презентация жасаса, бас маман Г.Нарымбаева өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеу бойынша практикалық кейстерін ұсынды.
Семинар соңында «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдары арасында:
І орын – Людмила Горбанёва (ШҚО, Украинка орта мектебі)
ІІ орын – Әбілхаир Еңсегенов (Қызылорда, №173 мектеп)
ІІІ орын – Орынбасар Асқарова (Нұр-Сұлтан, №48 лицей) және Виктория Цвингер (Алматы, №155 мектеп)
Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары арасында:
І орын – Нұртуған Асанов (Қызылорда облысы, Жаңақорған колледжі)
ІІ орын – Сәбит Бердалин (Қарағанды облысы, Жезқазған колледжі)
ІІІ орын – Дина Есімханова (Ақмола облысы, Щучинск колледжі) және Асқат Аманғалиев (Ақтөбе колледжі)
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
------------------------------------------------------
2024 жылдың 24 сәуірінде Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық қызмет мамандарына арналған екі күндік семинар-кеңесі өтті.
Екінші күні ЕҚжРҒЗИ Бас директорының орынбасары Ә.Б. Бекмағамбетов қауіпсіз еңбек жағдайлары туралы баяндаса, Орталық аппараттың бас маманы А.Ж. Бектабанов әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша ақпарат берді. Қатысушылар спикерлермен пікір алмасып, сұрақтарын қойды.
Шара соңында екі республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды.
«Үздік құқықтық еңбек инспекторы»:
I орын – Гүлшат Жаркенова (Павлодар облысы)
II орын – Александр Әлімпиев (Ақтөбе облысы)
III орын – Әлия Жолшыбекова (Жамбыл облысы)
«Үздік техникалық инспектор» (1-топ):
I орын – Ертай Жұмабеков (Маңғыстау облысы)
II орын – Раушан Пушанова (ШҚО)
III орын – Гүлнара Аблаева (Шымкент)
2-топ:
I орын – Юлия Рычко (Қарағанды облысы)
II орын – Венера Сиразетдинова (СҚО)
III орын – Гүлсім Байымбетова (Қызылорда)
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтады.
------------------------------------------------
2025 жылдың 28 қарашасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық қызмет мамандарына арналған екі күндік семинары аяқталды.
Семинардың екінші күнін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Айнагүл Бекебаева ашты. Ол жасанды интеллект құралдарын қолдану жөнінде дәріс өткізді.
Еңбек қауіпсіздігі мәселелерін Еңбекті қорғау жөніндегі РҒЗИ бас директордың орынбасары Әлімжан Бекмағамбетов баяндады.
Павлодар облыстық ұйымының құқықтық инспекторы Гүлшат Жаркенова төленбеген қаражаттарды қайтару тәжірибесімен бөлісті.
Жамбыл облыстық ұйымының құқықтық инспекторы Әлия Жолшибекова кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын сотта қорғау тәжірибесі туралы айтып берді.
Дискуссия барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров сұрақтарға жауап беріп, практикалық кеңестер ұсынды.
Семинар қорытындысында екі республикалық байқаудың нәтижелері жарияланды.
«Үздік құқықтық еңбек инспекторы» байқауының нәтижелері:
I орын – Г. Жаркенова (Павлодар облыстық ұйымы);
II орын – Л. Айтқұлова (Жамбыл облысы, Байзақ аудандық ұйымы);
III орын – Г. Орымбаева (Жамбыл облысы, Жуалы аудандық ұйымы).
«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының нәтижелері:
I топ:
I орын – Н. Плекан (Қарағанды облысы, «Таңшолпан» бөбекжайы);
II орын – Е. Сартай (Қызылорда қ., №3 IT мектеп-лицейі);
III орын – М. Асылбек (Алматы қ., №90 мамандандырылған мектеп-лицейі).
II топ:
I орын – Р. Досметова (Ұлытау облысы, «Сәтбаев индустриалдық колледжі»);
II орын – Р. Утеулинов (ШҚО, «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі»);
III орын – Қ. Сәрсенов (Абай облысы, «Көлік колледжі»).
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, құқықтық қорғау ұйым қызметінің басым бағыты екенін атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі