• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподаққа – 100 жыл

  • Басты бет
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПО…

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ»

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері арасындағы спартакиада мәресіне жетті. Екі күн бойы Тараз қалалық «Ұлан» стадионы мен қала мектептерінің алаңдарында тартысты спорт бәсекелері қызу жалғасты. Көпшіліктің қызығып ойнайтын спорт түрі – кіші футболдан финалдық кездесуде байзақтық аяқдопшылар мен шулықтар өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде байзақтық ұстаздар аладопты ұршықша иіріп, футболдан чемпион атанды. Сондай-ақ, байзақтық ұстаздар 90 кг жоғары салмақта гір тасын көтеруден, әйелдер арасында бес асықтан топ жарса, волейболдан ерлер, жеңіл атлетикадан әйелдер 2 орын иеленді. Ал үстел теннисінен ерлер арасында және әйелдер арасында тоғызқұмалақтан 3 орынды місе тұтып, ІХ спартакиаданың жеңімпазы атанып, 1 000 000 теңге жүлде қорын қанжығасына байлады.

Ал жуалылық желаяқ ұстаздар 100 метрге жүгіру мен әйелдер арасында бильярдтан 1 орынды қанжығалап, эстафетадан ІІ орынды жеңіп, жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді. Волейболдан финалдық ойында Шудың ерлер құрамасы байзақтық ұстаздар құрамасын жеңіп, өз командасының үздік үштіктер қатарынан табылуына үлестерін қосты. .

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында сарысулық Әсем Мұсаахметова мен ерлерден шулық Нұрбол Әлдибайдың бағы жанды. Ал үстел теннисінен әйелдер арасында қордайлық Сәуле Иманалы, ерлерден Асхат Асанов өзгелерден мықты болғандығын атап өткен жөн. Асық атудан ерлер арасында меркілік Қуандық Раев пен Рашид Рыскелдиев үздік шықты. Гір тасын көтеруден 90 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде тараздық Абдрасул Машенов, 90 кг. жоғарыда Біріккен комитет өкілі Ерік Мамадияров жақсы нәтижелер көрсетіп, чемпион атанды. Қол күресінен 90 кг дейінгі салмақта таластық Мамед Мамедовқа тең келер ешкім болмаса, 90 кг жоғары салмақта байзақтық Ілияс Жансақалов қарсылас шақ келтірмеді.

Спорт сайыстарының қорытындысы бойынша «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушыларға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. «Үздік спорттық киім» номинациясын екінші спартакиада қатарынан жеңіп алған қордайлық құрама команда да сыйлықсыз қалмады.

Ұйымдастыру комитеті үздік төрешілік жасаған Марианна Досжанова, Абылайхан Сейдехан, Амангелді Жүсіповты атап өтіп, волейболдан үздік ойыншы деп танылған байзақтық Мөлдір Сейтханова, мойынқұмдық Фарида Сүлейменова, Дулати университетінің оқытушысы Асылбек Умаров пен жуалылық Мамыт Мухановты да Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Алпысты алқымдаса да жүрегі спорт деп соғатын шулық Татьяна Колесникова, Т.Рысқұлов ауданынан Есқали Тойлыбай мен Біріккен комитет өкілі Майра Бимұратова «Ардагер спортшы» номинациясымен марапатталды.

Кіші футболдан «Үздік қақпашы» атанған байзақтық Еламан Төлегенов, «Үздік қорғаушы» атанған жуалылық Еламан Қалдыбаев пен «Үздік шабуылдаушы» шулық Самат Бұралқиев арнайы сыйлыққа ие болды. Осылайша, 2 күнге созылған спартакиада барысында мақсатшыл ұстаздар ұлт болашағы - жастарға үлгі-өнеге бола отырып, саламатты өмір салтын ұстанудың озық үлгісін паш етті.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Сәуір 28, 2025
Бөлісу

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты