• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподаққа – 100 жыл

  • Басты бет
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА С…

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.

Шараға Салалық кәсіподақт төрағасы Айгүл Мұқашева, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, кәсіподақ ардагері Майра Амантаева, Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Лаура Батырғалиева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының басшысы София Ізмұханбетова және кәсіподақтың әлеуметтік әріптестері мен жұмыс берушілер, жоғарғы оқу орындары мен аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары және кәсіподақ белсенділері қатысты.

Сонымен қатар, шараға білім саласына еңбегі сіңген ардагер – ұстаздар, мен кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан ардагерлер арнайы шақырылды. Олардың ішінде облысқа танымал қоғам қайраткерлері, атап айтқанда, педагогика саласының докторлары Тұяқбай Рысбеков, Шалқыма Құрманалина және облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған Светлана Бисембаева, Айгүл Мыңбаева қатысты.

Жиынның шымылдығы ашылып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимні ойналды. Алғы сөз төраға Марат Даупаевқа беріліп, еңбек адамы – әрқашан мемлекеттің қорғауында болып, құрметке бөленуге лайықты екенін және қоғам игілігі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген барша әріптестерге алғыс білдіріп, мерейтоймен құттықтады.

Құттықтау сөз сөйлеген Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева ғасырлық тарихында Салалық кәсіподақ еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйымға айналғанын және әр кәсіподақ мүшесінің кәсіби мүддесі, жалпы еңбек ұжымдары үшін көптеген маңызды істерде, ауқымды жұмыстардың барлығында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының көшбасшылары мен белсенділерінің қолтаңдасы барын атып өтіп, облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаевқа «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалін табыстады. Кәсіподаққа сіңірген көп жылғы еңбектері үшін облыстық кәсіподақ аппаратының қызметкерлері бас маман Марина Темірғалиеваны «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісімен және жүргізуші Ғибрат Қауысовты «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.

Сондай-ақ, сөз сөйлеген кәсіподақ ардагері Майра Амантаева білім кәсіподағының тарихына тоқатылып, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батырғалиева кәсіподақпен бірлесіп атқарылып отырған іс-шараларды және кәсіподақ өкілдерінің әр-түрлі комиссиялық отырыстарында мүше екендігін атап өтіп, мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, БҚО «Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Айгүл Есекенова, ардагер ұстаз Мыңбаева Айгүл, педагогика саласының ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, Ақжайық аудандық кәсіподақ комитеті-Филиалының төрағасы Максим Үмбеталиев мерекеге орай өз тілектері мен құттықтауларын жеткізді.

Жиын барысында, Білім саласы кәсіподағына 100 жыл толуына орай облыстық кәсіподақ ұйымының жұмысы мен іс-тәжірибелері жинақталған және кәсіподақ белсенділері мен әлеуметтік – әріптестер, ардагер ұстаздардың құттықтаулары жарияланған «Кәсіподақ күші - БІРЛІКТЕ!» атты журналы таратылды.

Мерейтойға орай, бірқатар кәсіподақ және білім саласының белсенділері «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісі, «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісі, «Кәсіподақ ардагері» белгісімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамотасы» және Салалық кәсіподақтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Шара концерттік бағдарламаға жалғасып, марапат иелеріне гүл шоқтары мен естілік сыйлықтар табысталды.

 

Батыс Қазақстан облыстық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы

    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
Жарияланған күні: Қаз. 11, 2024
Бөлісу

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты