• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподаққа – 100 жыл

  • Басты бет
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • ШАҢҒЫДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ШАҢҒЫДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдық мерейтойына орай «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Кербұлақ аудандық филиалы білім саласы қызметкерлерінің арасында шаңғыдан жарыс өткізді.

Қысқы ойын түрінен өткен жарысқа Кербұлақ ауданына қарасты орта және негізгі мектептер, балабақшалар, өнер мектебі мен коррекциялық орталықтан жалпы саны 14 команда қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Ж. Дуанаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіподақ мүшелеріне арналған спорттық ойынның мәні мен мағынасын түсіндіріп, білім саласы қызметкерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қарым-қатынасты жақсарту, достықты нығайту мақсатында өтілген әртүрлі форматтағы шараларды тілге тиек етті.

Жарыстың бас төрешісі, Тастыөзек орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Нұрбеков ережемен таныстырып, екі ер және бір әйелден құралған командалар алдымен жекелей сынға түсетінін жеткізді. Бұл кезеңде әйелдер 1200 мерт, ерлер 2400 мертді шаңғымен жүріп өтуі қажет екенін айтты.

«Екінші кезең эстафета. Команда толық құрамда өнер керсетеді. Белгіленген жерге команда мүшелері тұрғызылады. Бастапқы нүктеде тұрған адамға эстафета таяғы беріледі. Белгі берілген кезде команда мүшелері шаңғымен жүгіріп, келесі ойыншыға жеткізу керек. Осылайша барлық команда мүшелері қамтылып, мәре сызығын бірінші кескен команда жеңімпаз атанбақ»,- деді бас төреші Е.Нұрбеков.

Ойын шарты түсіндірілгеннен кейін командалар саптық ретпен жарысты бастап кетті. Алдымен нәзік жандар күннің суығына қарамастан жарыс алаңына шығып, артылған жауапкершілікті аброймен алып шықты. Ер азаматтарда өздеріне берілген қашықтықты жүгіріп өтіп, өзара мықтыларды анықтады.

Эстафета кезеңінде командалардың бірлігі сыналды. Команда мүшелері бір-біріне демеу болып, мәре сызығына асықты.

Тартысқа толы жарыста педагогтар барын салды. Спортты серік еткен білім саласының қызметкерлері жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Нәтижесінде әйелдер арасында І орынды Балабаева Айгерім, ІІ орынды Чабан Мария, ІІІ орынды Кенжеғали Айнұр иеленді. Ерлер арасында І орынды Марат Сайран, ІІ орынды Шотбай Жолдас, ІІІ орынды Мұратұлы Бағлан еншіледі.

Эстафеталық ойында І орынды Тастыөзек орта мектебінің командасы, ІІ орынды П. Дутов атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды И. Панфилов атындағы орта мектебінің командасы өзара бөлісті.

Командалық есепте І орынға Тастыөзек орта мектебі, ІІ орынға П. Дутов атындағы орта мектебі, ІІІ орынға И. Панфилов атындағы орта мектебі орналасты.

Жарыстың барлық жеңімпаздарына аудандық кәсіподақ филиалының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар, кубоктар мен медальдар табыс етілді.

 

 

«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі

    • Фото

    • ...
      ...
      ...
Жарияланған күні: Қаң. 27, 2025
Бөлісу

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты