Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына ұлттық халық санағына педагогтар жұмылдырылып жатуына байланысты көптеген шағымдар мен сұрақтар түсуде. Осыған байланысты төмендегідей түсіндірмемізді жариялаймыз
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына ұлттық халық санағына педагогтар жұмылдырылып жатуына байланысты көптеген шағымдар мен сұрақтар түсуде. Осыған байланысты төмендегідей түсіндірмемізді жариялаймыз.
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, ПЕДАГОГ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН КЕЗДЕ, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ОНЫ КӘСІБИ МІНДЕТТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНЕ ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙТІНІН НАЗАРҒА АЛҒАН ЖӨН.
2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізіу «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 Қаулысымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, САНАҚ ПЕРСОНАЛЫН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ МЕН ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІ АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАРЫНА ЖҮКТЕЛГЕН.
Қаулының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, санақ персоналын іріктеу және оқыту жөніндегі Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі бойынша Ұлттық халық санағына тартылғандардың саны 32 МЫҢ АДАМ.
АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТУ КӨЗДЕЛМЕГЕН! Бірақ, педагог жұмысынан бос болса немесе еңбек демалысында жүрсе, онда ол халық санағын өткізуге қатысуға және сол үшін еңбекақы алуға құқылы. Заңмен шектеу қойылмаған.
ОҚУ ПРОЦЕСІ КЕЗІНДЕ АҚЫ ТӨЛЕМЕЙ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ КЕЛІСІМІНСІЗ КӘСІБИ МІНДЕТТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНЕ ТАРТУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӘН ЕМЕС ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТҚАН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛЫП, ОЛ ӨЗ КІНӘСІН МОЙЫНДАСА, ОҒАН БІРІНШІ ЕСКЕРТУ ЖАСАЛАДЫ.
ҚАЙТАЛАП ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАҒА ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМА ЖАСАЛЫП, 20-ДАН 120 АЕК ДЕЙІН МӨЛШЕРДЕ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ.