МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУ ТУРАЛЫ. МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТЫ.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексiне сәйкес, азаматтар медициналық тексеруден өтуге міндетті.
Медициналық қарап-тексеру – бұл денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың таралуын анықтауға және олардың алдын алуға, сондай-ақ қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің, адамдардың еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарау.
Медициналық тексерулердің түрлері:
Медициналық тексерулер міндетті және профилактикалық болып табылады.
Міндетті медициналық қарап-тексерулер келесі түрлерге бөлінеді:
алдын ала міндетті медициналық тексерулеркәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі;
мерзімді міндетті медициналық тексерулержұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
ҚР Еңбек кодексінің 125-б. (әрі қарай-Кодекс) негізінде жұмыскерлердің жұмыс берушінің қаражаты есебінен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өткен уақытта жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.
Кодекстің181-б. 2-т. 3)т. сәйкесжұмыскер міндетті алдын алажәнемерзімдікмедициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ, ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
Кодекстің 182-б.1-т.4)т. сәйкесжұмыс берушіжұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап-тексеруге өз қаражаты есебінен жіберуге құқығы бар.
Кодекстің 185-б. 1-т. сәйкес жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
Кодекстің 32-б. 1-т. 5)т. сәйкес еңбек шартын жасасу үшін құжаттар тізіміне алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат талап етіледі.
Кодекстің 32-б 6-т. сәйкес заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерден Кодексте көзделмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТЫ
Жеке медициналық кітапша - міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізіліп және жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылатын дербес құжат болып табылады.
Жеке медициналық кітапшаларға жұмысқа жіберу белгісі қойылған соң жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Жеке медициналық кітапшаны беруді медициналық қызметке лицензиясы бар ұйым жүзеге асырады.
Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексеріп-қараулар және зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша жеке медициналық кітапшаны есепке алу, жүргізу және беруге жауапты тұлға терапевт дәрігер тағайындалады.
Жеке медициналық кітапшада жұмысқа жіберу мерзімі, маманның Т.А.Ә. мен қолы және денсаулық сақтау субъектісінің мөрі (бар болса) көрсетіледі.
Фото
-
Фото
-