• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Басқа

  • Басты бет
  • Басқа
  • МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ Б…

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫНДА ОҚУЛЫҚТАРДЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУДЫ КІМ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №44 бұйрығымен бектілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша Қағидасының 74 және 76-тармақтарғына сәйкес, мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларында оқулықтар жыл сайын бірінші тамыздан оқу сабақтары басталғанға дейін кешіктірілмей беріледі. Оқулықтар тиісті пәнді зерделеу мерзіміне – оқу жылының соңында міндетті түрде қайта тіркелу кезінде оқу жылына немесе бірнеше жылға беріледі.

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларында бірінші-төртінші сынып оқушыларына оқулықтарды беруді және олардың уақтылы қайтаруын мұғалімдер, бесінші-он бірінші (он екінші) сынып оқушыларына - сынып жетекшілері немесе тиісті пән мұғалімдері жүзеге асырады.

Алынған әрбір оқулық үшін орта және ересек жастағы оқушы кітап формулярына қол қояды, оны кітапханашыға өткізеді. Берілген оқулықтар жазбасы бар кітап формулярлары оқушылардың оқырман формулярларында сақталады.

Оқу жылының соңында оқулықтар мектеп кітапханасына қайтарылған кезде кітапханашылар сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен бірлесіп, қайтарылатын оқулықты қарап шығады, оның күйін бағалайды, оқулықтың осыған арналған жеріне тиісті белгі жасайды. Қажет болған жағдайда оқушыларды қатыстыра отырып, оқулықтарды жөндеу және оқулықтардың кітапхана қорын кезекті беруге дайындау жұмысын ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты оқулықтарды беруді және уақытылы қайтаруды мұғалімдер, бесінші-он бірінші (он екі) сынып оқушыларына - сынып жетекшілері немесе тиісті пән бойынша мұғалімдер жүзеге асырады.
Жарияланған күні: Там. 19, 2021
Бөлісу

Фото

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты