Неге арнайы ұйымдар тәрбиешілері азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізлімінің В3 буынына, ал мұғалімдер мен басқа педагогтер В2 буынына жатады?
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізілімімен, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, біліктілігі жоғары деңгейлі педагогтар, педагог-психологтар лауазымдары В2 блогына, 1-4 сатысына жатады. Біліктілігі жоғары деңгейлі тәрбиешілер В3 блогының 1-4 сатысына жатады. Тізілімдемеде көрсетілген лауазымдары орналастыруға қарап, тәрбиешілердің жалақысын есептеу кезінде, азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықтарын есептеу үшін мәні бойынша аз коэффициент қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен бекітілген арнайы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесі қызметкерлердің әрбір жеке топтары мен санаттары бойынша жалақы шамасын дифференциялау, есептеу және реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жиынтықта өзара байланысты ережелер мен нормалар кешенінен тұрады. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбек процесін ұйымдастыру мен оның өту күрделілігі деңгейін, сондай-ақ қызметкердің білім деңгейі, біліктілігінің, тәжірибесі мен өтілінің өндірістің дәрежесі сияқты маңызды еңбек сипаттамаларын ескеруді талап етеді.
Осы принциптер мен талаптар білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының Тізіліміне негіз болды.
Оқу бағдарламаларын іске асыратын педагогтар, басқа санаттағы қызметкерлерге қарағанда уақыттарын айтарлықтай көп бөлігін сабаққа дайындалуға жұмсайтыны анық. Олардың міндетіне: күнтізбелік және сабақтық жоспарларды әзірлеу, дидактикалық материалдарды дайындау, оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, өткізілетін сабақ тақырыбы бойынша жаңа ақпарат іздеу және т.б. жатады. Сабақ беру барысында мұғалімдер, оқытушылар психоэмоционалдық жайтты бастарынан өткереді. Сабақ берумен қатар, оларға білім алушыларды тәрбилеу жөнінде міндеттер жүктеледі. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі мұғалім балаларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратындықтан, негізгі тұлға болып табылады. Оның еңбегі өте күрделі, жұмыстануды талап етеді.
Арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің жұмыс ауысымына дайындалуға уақыт шығындары мұғалімге, оқытушыға қарағанда айтарлықтай төмен екені анық.