Жалпы білім беретін мектептерде (гимназияларда, лицейлерде) логопед жұмысын орындайтын педагог мамандығы қалай аталады?
Бізге берілген түсіндірулер бойынша, аталған қызметкер МЖМБС сай оқу жоспары бойынша сабақ бермейді, соған орай оның лауазымы В3 санаты бойынша ақы төленетін «логопед» ретінде айқындалады делінген?
«Мұғалім-логопед» мамандығы мамандандырылған білім беру ұйымдарының штаттарына енгізіледі.
Жалпы типтегі жалпы білім беретін мектептерде логопедтер жұмыс істейді. Мамандарды жинақтаудың мұндай тәсілі білім саласы қызметкерлерінің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен негізделген.
Жалпы типтегі жалпы білім беретін мектептің біліктілігі жоғары деңгейлі логопеді, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізілімінің В3 буынына жатады.