ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨНДІРІСТЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА БОЛҒАН КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан кейін жазатайым оқиғалардан болатын өлім жағдайлары үшінші орынды алады. Егер аталған аурулардан ең алдымен егде жастағы адамдар қайтыс болса, жазатайым оқиғалардың негізінен еңбекке қабілетті жас және орта жастағы адамдар қайтыс болады, жұмысшылардың едәуір бөлігі өндірісте ауыр жарақат алады.
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 1 – бабы 1- тармағының 27) - тармақшасына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиға болып өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі саналады.
Жұмыс орнында жазатайым оқиға болған сәттен Кодекстің 187-бабы 2-тармағы 1)-тармақшасы мен 189-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші бір тәулік ішінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға хабардар етіп, жұмыс берушімен немесе еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органмен жарақаттың ауырлығы туралы қорытынды алғаннан кейін жазатайым оқиғаға тексеру жүргізіледі.
Өндірістегі жасырын жазатайым оқиғалар зардап шегушінің өтініші бойынша тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тергеп-тексеріледі.
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - Азаматтық кодекс) 187-бабына сәйкес талап қою азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылатынын атап өту керек.
Жұмыс орнындағы жазатайым оқиға нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиянды өтеу екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1. Жұмыс берушімен, егер жазатайым оқиға мүгедектікке әкелмесе.
Кодекспен (122-бабы) қызметкердің жазатайым оқиға болғаннан кейін, егер жарақаттың салдары болмаған жағдайда, яғни қызметкер мүгедектік алмаған жағдайда жұмыс берушіден 250 АЕК мөлшерінде зиянды өтеп алуға құқығы бары анықталған. Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру компаниясымен, егер қызметкер мүгедек болса немесе қайтыс болса.
ҚР «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес зиянды өтеу (ай сайынғы төлемдер) сақтандыру жағдайы басталған кезде жүргізіледі, бұл не мүгедектік, не өлім.
Қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған кәсіби еңбекке қабілеттілігінің жоғалу дәрежесі белгіленген жағдайда қосымша шығыстарды өтеу, осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде сақтандырушымен жүзеге асады.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеудің сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден аспауға тиіс:
1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 30 – дан 59% - ды қоса алғанға дейін белгіленген кезде-500 АЕК;
2) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 60 – тан 89% - ға дейін қоса алғанда белгіленген кезде-750 АЕК;
3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 90 – нан 100% - ға дейін қоса алғанда белгіленген кезде-1 000 АЕК.
Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 АЕК мөлшерінде өтейді.
Осылайша, заңды тұлғалар өндірістегі жазатайым оқиғалардың басталғаны үшін өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.
Жұмыс берушіде сақтандыру полисі болмаған жағдайда, зиянды өтеуді жұмыс беруші Азаматтық кодекстің 936-946 баптарына сәйкес дербес жүргізеді.
Жоғарыда аталған заң мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейтінін білу маңызды.
Сақтандыру төлемдерінен басқа, мүгедектік алған қызметкер немесе қайтыс болған қызметкердің асырауындағы адамдар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақылар алады. Жоғарыда көрсетілген жәрдемақыларды алудың міндетті шарты міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысу болып табылады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы