I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек баланың ата-анасы, қорғаншылары, қамқоршыларының біріне стандарттық шегерімдердің (ЖТС босатылатын табыс) қолданылу тәртібі қандай?
I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек баланың ата-анасы, қорғаншылары, қамқоршыларының біріне стандарттық шегерімдердің (ЖТС босатылатын табыс) қолданылу тәртібі қандай?
ҚР Салық кодексінің 322-б. 2-т. сәйкес салық салуға жататын табыс –жұмыскердің еңбек шарты негізінде еңбек қатынастары барысында жұмыс берушіден алатын табысы (есептелген жалақысы) болып табылады.
Маңызды!
Жалпы жұмыскердің табысынан (есептелген жалақысы) ЖТС ұстау үшін ҚР Салық кодексінде көзделген бірқатар стандартты шегерімдер қарастырылған.
ҚР Салық кодексінің 346-б. 1-т. 2) және 3) тармақшаларына сәйкес:
▪️I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар ▪️жұмыскерлер;
▪️мүгедек бала;
▪️он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
▪️өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
▪️асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;
▪️жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі
болып табылтын тұлғалар үшін стандартты шегерім күнтізбелік жылға айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшерін құрайды, яғни осы шама жеке табыс салығынан босатылады.
Аталған салықтық шегерімдер қолданбаған жағдайда, жеке тұлға өтініш пен растайтын құжаттарды жұмыс берушіге ұсынуға құқылы, солардың негізінде ҚР Салық кодекснің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде табыстарға қайта есептеу жүргізеді.
Маңызды!
Сондықтан міндетті түрде жұмыскер ЖТС ұстамау туралы күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшерінде стандартты шегерімді қолдану жөнінде өтініш жазу керек! Сондай-ақ ата-ананың екеуі бірдей мұндай шегерімді пайдалануға құқылы емес. Ал, ЖТС толық төленуі үшін жауаптылық жұмыс берушіге емес, жеке тұлғаға жүктеледі.
Жұмыскердің есептелген жалақысынан АЕК 882 еселенген мөлшерінде ЖТС ұсталмайды.
2020 жылғы қаңтардан АЕК 882 еселенген мөлшері күнтізбелік жылда 2651*882 = 2 338 182 теңгені, айына 2 338 182 /12=194 848,5 тг., ал сәуірден 2778*882 = 2 450 196, айына 2 450 196/12 = 204 183 тенгені құрайды.
Мысалы: Жұмыскердің есептелген жалақысы 180 000 тенге, осы жалақы көлемінен ЖТС ұстала ма?
Есептейміз: ЖТС = (есептелген жалақы - МЗЖ - ЕТЖ - 882 АЕК) * 10%
Қаңтар ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -194 848,5) = -75 348,5 тг. =0;
Ақпан ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -194 848,5) = -75 348,5 тг. =0;
Наурыз ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -194 848,5) = -75 348,5 тг. =0;
Cәуір ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Мамыр ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Маусым ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Шілде ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Тамыз ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Қыркүйек ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. = 0;
Қазан ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. = 0;
Қараша ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. = 0;
Желтоқсан ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 –232 186,5*) = -112 686,5 тг. = 0;
*Желтоқсан айына 882 АЕК салықтық шегерімнің көлемі: 2 450 196 - (194 848,5*3)+( 204 183*8) =232 186,5 тг.
Сонымен, есептеулер негізінде келтірілген мысал бойынша жұмыскердің салық салынатын табыс көлемі - 2 337 509,5 тг. күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшері - 2 450 196 аспағандықтан, ЖТС ұсталынбайды.