КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ
Қандай жағдайда қызметкерлерге жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша стандарттық шегерімдер қолданылады?
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 322 б. 2-т. сәйкес ҚР немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып табылады.
Салық кодексінің 346-б. 1-т. 1)-тармақшасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі-АЕК) 14 еселенген мөлшері стандартты шегерімдер болып табылады. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады.
Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Аталған баптың 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес күнтізбелік жыл үшін АЕК 882 еселенген мөлшері егер тұлға қолдану күніне:
- Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адам және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
-
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
-
I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлер;мүгедек бала;
-
он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
-
өмір бойына әрбір осындай адам үшін – «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;
-
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылатын болса жүргізіледі.
Яғни көрсетілген тұлғалардың табысы күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшерінен аспайтын болса жеке табыс салығынан босатылады.
Аталған салықтық шегерімдер қолданбаған жағдайда, жеке тұлға өтініш пен растайтын құжаттарды жұмыс берушіге ұсынуға құқылы, солардың негізінде ҚР Салық кодекснің 48-бабының 2-тармағында көзделген 3 жыл құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде табыстарға қайта есептеу жүргізеді.
Маңызды! міндетті түрде жұмыскер ЖТС ұстамау туралы күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшерінде стандартты шегерімді қолдану жөнінде өтініш жазу керек! Сондай-ақ ата-ананың екеуі бірдей мұндай шегерімді пайдалануға құқылы емес. Ал, ЖТС толық төленуі үшін жауаптылық жұмыс берушіге емес, жеке тұлғаға жүктеледі.