ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ӘДІСКЕРІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАТЫСТЫ:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарын лауазымдарға тағайындау тәртібі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай - Қағидалар ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен регламенттеледі.
Қағиданың 138 тармағына сәйкес конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтар қатысады.
Әдістемелік орталықтың әдіскері бос лауазымына орналасу конкурсына келесі негіздер бойынша қатысуға болады:
1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 242-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес жоғары педагогикалық білімінің және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы;
2) Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген әдістемелік орталықтың әдіскерінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың болуы.
Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды өтініш берушіге қайтару үшін негіз болмауы тиіс екенін атап өткен жөн.
Көрсетілген құжаттар тізбесі педагогтардың барлық лауазымдарына ортақ болып табылады, аталған құжаттардан әрбір конкурсант (педагогикалық жұмысқа алғаш рет түсуші түлек, білім беру ұйымының бірінші басшысы, басшының орынбасары, әдіскер, ағылшын тілі мұғалімі және т. б.) белгілі бір лауазымға орналасуға қатысуға ниет білдірген, құжаттарды қабылдау мерзімінде тиісті құжаттарды электрондық немесе қағаз түріндегі жіберуге тиіс.
Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаттың болуы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына үміткер кандидаттарға немесе өтілі жоқ кандидаттар үшін талап етіледі.
Қағидалардың 10 және 16-қосымшаларына сәйкес бірінші басшы лауазымына кандидаттың бағалау парағының өлшемшарттарының бірі сертификаттаудан өту нәтижелері және өтілі жоқ кандидаттар үшін сертификаттаудан өту нәтижелері негізінде айқындалатын өтілі жоқ кандидаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білу болып табылады.
Осылайша, «сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)» Қағидалардың 154-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген құжаттың болмауы конкурсқа қатысудан бас тартуға негіз болып табылмайды.