• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Басқа

  • Басты бет
  • Басқа
  • ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ Ж…

ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

📩 Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімдердің қолданылуы және келісімдер тараптарымен өзіне алған міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша келесіні түсіндіреміз:

✍️ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасына сәйкес әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім саладағы жұмыскерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт болып табылады.

📌 Жалпы құқықтық акт дегеніміз – бұл уәкілетті құқық субъектілерімен қабылданған жазбаша құжат. Ол ресми сипатқа ие және күші міндетті болып табылады, сондай-ақ, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

📚 Еңбек кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөнінде әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, Ғылым және жоғары білім министрлігімен, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен салалық кәсіподақтар арасында жасалды.

🖇️ Еңбек кодексінің 154-бабы 2-тармағына сәйкес Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.

▪️Бұл салалық келісімде белгіленген ережелер меншік нысанына, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктеріне мүшелікке қарамастан, тиісті саланың еңбек қатынастарына қатысушыларының барлығына, ерекшеліксіз орындауы үшін міндетті екенін білдіреді.

‼️ Тараптардың өкілдері Келісімде көзделген міндеттемелерді бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

🌀 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 97-бабы 3-тармағымен Салалық келiсiм бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға жауаптылық қарастырылған.

🔹Айыппұл көлемі ағымдағы 2025 жылға бір миллион бес жүз жетпіс екі мың сегіз жүз теңгені құрайды.

Жарияланған күні: Қаң. 10, 2025
Бөлісу

Фото

...

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты