
БАЛА КҮТІМІ БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМГЕ ҚАТЫСТЫ
Бала 1.5 жасқа толғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, ата-анасына бала күтімі бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлем алу құқығы жалғасады ма?
ҚР Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 71-бабы 1-тармағына сәйкес балалы адамдардың (отбасылардың) келесі түрде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар:
1) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
2) бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты жәрдемақы);
4) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем);
5) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау.
Жоғарыда көрсетілген 3)-тармақшаны қарастырайық:
Кодекстің 81-бабы 4-тармағына сәйкес бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейінді қоса алғанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге беріледі.
Кодекстің 82 –бабы 2-тармағымен бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді деп анықталған.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің бала күтіміне байланысты жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
4) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, бала күтіміне байланысты жәрдемақы әлеуметтік қорғауға құқығы бар адамдарға бала туылған күннен бастап бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын бюджет қаражаты есебінен төленеді деп түсіндіріледі.
4)-тармақшаға келетін болсақ:
Кодекстің 84-бабы 1-тармағына сәйкес бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем осы әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар және қоса алғанда бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауды жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.
Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады және ай сайын Қордың активтері есебінен төленеді.
Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауға тиіс (Кодекстің 85-бабы 2-тармағы).
Кодекстің 86-бабы 4-тармағымен бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің тоқтатылатын негіздері айқындалған, олар:
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, бала асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған ай өткен соң;
3) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем ол тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
Осылайша, бала 1,5 жасқа толғанға дейін жұмысқа шыққан жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алатын ата-ана Кодекстің 74-бабы 2-тармағы 2)-тармақшасының негізінде Мемлекеттік корпорацияға бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының өзгертуге негіз болатын мән-жайлар туралы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Алушы бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден кейін қайта қаралады.
Фото
