• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Басқа

  • Басты бет
  • Басқа
  • Қандай тұлғалар МӘМ…

Қандай тұлғалар МӘМС төлеуден босатылады? Қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерден МӘМС ұсталады ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толық түсіндірме Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы тарапынан https://www.facebook.com/.../pcb.../1821355821369184/ парақшасында жарияланған болатын.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі-МӘМС туралы Заң) 26-бабының 1-тармағы негізінде Қорға жарналарды мемлекет ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде келесі тұлғалар үшін ҚР бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен төлейді:

1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
6-1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Осылайша, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар мен мүгедектер жарналарды төлеуден босатылады, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

Сонымен қатар, МӘМС туралы Заңның 28-бабы 7-тармағына сәйкес қорға жарналарды төлеуден келесі тұлғалар босатылады:
1) МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1 тармағында көрсетілген адамдар;
2) әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Ескеру керек! Екі немесе одан да көп жұмыс берушілермен еңбек қатынастары кезінде жұмыскердің МӘМС жарналарын ұстап қалу келесідей жүзеге асырылады:
МӘМС туралы Заңның 29-бабы 3-тармағына сәйкес жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге және ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға (бұдан әрі- ЕТЖ 01.01.2022 жылдан бастап 60 000 теңге) тиіс.

Қызметкер жұмыс берушіге өз қалауы бойынша (ауызша немесе жазбаша хабардар ете отырып) басқа жұмыс берушіден 10 ЕТЖ-дан артық жұмыскердің жарналарын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды болдырмау мақсатында МӘМС-ке есептелген және аударылған жарналар туралы анықтаманы ұсынады.

Мұндай құжат жұмыс беруші және (немесе) салық органы берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Яғни, егер негізгі және қосымша жұмыс бойынша жұмыс істейтін қызметкердің табысы (қоса атқару шарттарында) ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен (600 000 теңге) асатын болса, онда МӘМС жарнасы тек негізгі жұмыс орны бойынша ұсталатын болады.

Толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405 сілтеме бойынша және Салалық кәсіподақтың Facebook-тегі ресми парақшасынан https://www.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya танысуға болады.
Жарияланған күні: Ақп. 3, 2022
Бөлісу

Фото

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты