Білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіподағына білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын 2022 жылдың 1 қаңтарынан арттыруына қатысты келіп түскен көптеген сұрақтарға байланысты келесіні түсіндіреміз
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 864 Қаулысымен 3-тармақтың 2) тармақшасына өзгеріс енгізілген. Осыған сәйкес:
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) келесіні қоспағанда:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтарын;
мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;
медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Бұл норма азаматтық қызметшілерге ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қалған қызметкерлеріне, оның ішінде азаматтық қызметшілер санатына жатпайтын біліктілігі жоқ еңбек жұмысшыларына да қолданылады.
Осы қорытынды ҚР Үкіметінің қаулысының 1 абзацы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады деген мазмұнынан туындап отыр.
Осылайша, жұмысшылардың (азаматтық қызметшілердің, біліктілігі жоқ жұмысшылардың) жалақысы БЛА-ны жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеу үшін тиісті коэффициентке көбейту арқылы есептеледі. Алынған нәтижеге ағымдағы күнтізбелік жылға айқындалған түзету коэффициенті қолданылады.