КІР ЖУҒЫШ МАШИНАЛАР ОПЕРАТОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлей отырып, ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн жыл сайынғы еңбек демалысы берілуі тиіс.
Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді (ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 Қаулысы, 3-қосымшаға Ескертпе).
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (әрі қарай - БТБА) 1-шығарылымының 15-тармағына сәйкес жұмысшылардың кәсіптері білікті және білікті емес санаттарға бөлінеді.
Білікті санатқа еңбегі БТБА-ға сәйкес кәсіптік даярлауды және арнайы білімді талап ететін жұмысшылар жатады. Білікті емес жұмысшылар қол құралдарын пайдаланумен және белгілі бір күш жұмсаумен байланысты қарапайым механикалық жұмыстарды орындайды. Осы санаттағы жұмысшы кәсіптерінің көп бөлігі негізгі жалпы немесе орта жалпы немесе жалпы орта білімінің болуы және жұмыс орнында жеке оқытудың болуымен сипатталады.
Жұмысшылар кәсіптерінің кәсіптік топтар бойынша жіктелуін ҚР 01-2017 «Қызметтер жіктеуіші» Ұлттық жіктеуішінде айқындалған, оған сәйкес білікті жұмысшылар кәсіптердің 5-тен 8-ге дейінгі негізгі топтарына, біліктілігі жоқ жұмысшылар – кәсіптердің негізгі 9-шы топтарына жатқызылады.
ҚР 01-2017 «Қызметтер жіктеуіші» Ұлттық жіктеуішінде кір жуу машинасы операторының кәсібі кәсіптердің 8-ші негізгі тобына жатқызылған, яғни бұл кәсіп білікті жұмысшыларға жатады.
Осылайша, кір жуу машина операторының кәсібі білікті жұмысшыларға жатады, кір жуу операторы штаттық лауазымды атқарған жағдайда азаматтық қызметшілер қатарына қосылады.
Бұл жағдайда операторға лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысын төлей отырып, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн ақылы еңбек демалысы беріледі.
Кір жуу цехының немесе бөлімшенің кір жуатын жұмысшысына (кір жуумен айналысатын кір жуатын машиналардың операторына) қосымша ақылы демалыстың 6 күнтізбелік күні көзделген (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 ж. № 1053 бұйрығының 46-бөлімінің 179-тармағы).
Сондықтан кір жуу машинасы операторының жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы 36 күнтізбелік күнді (30+6) құрайды.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жоғары мөлшерде ақы төлеу өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Кір жуғыш машиналар операторының лауазымы өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардың тізбесіне енгізілгендіктен, бұл қызметкерге «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулының 18-қосымшасы 9-тармағы 1) тармақшасына сәйкес базалық лауазымдық айлықақыдан 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.