• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Еңбекақы төлемі

  • Басты бет
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыстан босатылуын…

Жұмыстан босатылуына байланысты жұмыс берушінің пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны төлеген кезде жеке табыс салығы мен басқа да әлеуметтік аударымдар ұсталынады ма?

ҚР Еңбек кодексінің 96-бабы 2-тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

🌀 Осылайша, қызметкер жұмыстан босатылған кезде, егер ол еңбек демалысында болмаған немесе жұмыстан босату күніне дейін кезекті демалыстан кейінгі жұмыс кезеңінде демалыс күндері «жинақталған» болса, қызметкерге осы күндер үшін ақшалай өтемақы төленеді.

💤 ҚР Салық кодексінің 322-бабы 1-тармағы 1)- тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарындағы ақша жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады.

♻️ Осылайша, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы қызметкердің салық салынатын табысы болып табылады және 10 % стандартты ставка бойынша жеке табыс салығы (бұдан әрі –ЖТС) салынады (ҚР Салық қодексінің 320-бабы 1-тармағы).

💠 ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабы 8-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі –МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.

🌐 Демек, есептелген өтемақы сомасынан 10% МЗЖ ұсталынады (ҚР Әлеуметтік кодексінің 249-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасы).

✔️ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңының 29-бабы 1-тармағымен, көрсетілген баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.

〽️ Осылайша, өтемақы төлемінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) белгіленген нысанда ұсталады (ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңының 27 бабы).

‼️Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыға жалақыға ұқсас салықтар мен әлеуметтік аударымдар ұсталынады. Бұл сомаға қатысты ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.

Жарияланған күні: Наурыз 4, 2024
Бөлісу

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты