• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Еңбекақы төлемі

  • Басты бет
  • Еңбекақы төлемі
  • 2025 жылдан бастап …

2025 жылдан бастап салықтық шегерімдерді қолдануға қатысты

🔰Салықтық шегерім – бұл одан салық төленетін кіріс мөлшерінің азаятын сомасы. Оны мемлекеттен жеңілдік не қолдау деуге де болады, ол бұрын есептік салық кезеңінде төленген салықты қайтаруға немесе салықты азырақ төлеуге мүмкіндік береді.

〽️ ҚР Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 342-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:

▪️1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

▪️2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салықтық шегерім;

▪️3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

▪️4) көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерімдер;

▪️5) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер).

✔️ 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасы үшін салық шегерімі көзделген ҚР СК 347-бабының нормалары күшіне енді:

«Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға мынадай тәртіптердің бірімен:

▪️1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне – әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде;

▪️2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде қолданылады.

🔹 Шегерім қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғаның кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы болған жағдайда көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім қолданылады, ол осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталады».

🔻Сонымен қатар, ҚР СК 351-бабы күшіне енді, яғни 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар ипотекалық несие ресімделген банкке қарамастан салық шегерімдерін ала алады, бұл салық төлеушілер үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтеді:

🔸«Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы сыйақылар бойынша салықтық шегерімді банктерден және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады».

🖇️ Бұл банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген банктен немесе қаржы ұйымынан ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алған кезде азаматтар сыйақылар бойынша шегерім құқығын пайдалана алатынын білдіреді.

📌 Жұмыс беруші осы шегерімді қолдана бастауы үшін жұмыскер кадр қызметіне немесе бухгалтерияға салық шегеріміне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуы керек:

▪️1) банкпен немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;

▪️2) сыйақы сомасы бөліп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;

▪️3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат.

‼️ Қосымша, мәлімет үшін «Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығына сілтеме орналастырылды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016364 .

Жарияланған күні: Қаң. 15, 2025
Бөлісу

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты