
Уақытша жұмыста болмаған жұмыскерді алмастырған жағдайда сағаттар қалай есепке алынады, қосымша ақылар төленеді ме?
Уақытша болмаған мұғалімдерді алмастыру - бұл мұғалімдердің науқастануына, іссапарына, демалысына және басқа да себептерге байланысты уақытша болмаған мұғалімдердің оқу жұмысының жазбаша келісімімен еңбек шартында айқындалған негізгі жұмысымен қатар орындауы.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының жалақысын есептеу қағидасының 9-тармағына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша білім беру ұйымдарында бір сағат үшін педагогтардың жалақысын есептеу ауруы немесе басқа да себептері бойынша қатарынан екі айдан аспайтын уақытша болмаған педагогтың міндеттерін орындау кезінде оқу сағаттары үшін жүргізіледі.
Сағаттық төлем оқу жүктемесінің нақты орындалған көлеміне пропорционалды түрде жүргізіледі. Бұл ретте оқу жұмысының бір сағаты үшін ақы төлеу мөлшері алмастыратын қызметкердің біліктілігін ескере отырып, алмастырылатын лауазым бойынша аптасына педагогикалық жұмыс сағаттарының белгіленген нормасы үшін көзделген жалақыны алмастырылатын лауазым бойынша жұмыс сағаттарының орташа айлық санына бөлу арқылы айқындалады.
Дәптерлерді тексеру үшін, ерекше еңбек жағдайлары үшін және т.б. қосымша ақылар уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде оқу сағаттары үшін төленбейді.
Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогке еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.
Қосымша ақпаратпен https://web.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya/posts/pfbid0J3yzTSs5HDGJNWuSbk8bkeh2bafcuVFp1xmHP3Xinf3LvEph3pzee7XgzW9AArkil таныса аласыз.