Еңбек демалысының ақысын есептеу туралы
🔹Қызметкердің еңбек демалысының ақысы орташа күндік жалақыны демалыс кезеңіндегі жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі. (Кесте 1.)
Орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен (әрі қарай-Қағидалар) реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012533 .
📍Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай *оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.
▪️оқиға – ҚР Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін өтемақымен байланысты жағдайлар.
Барлық жағдайларда орташа күндік жалақы *есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын *есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.
▪️есеп айырысу кезеңі – оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айлар кезеңімен тиісті байланысы бар ақы (төлем) немесе қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген жағдайда, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.
‼️Ескеру қажет! Жоғарыда көрсетілген Ереженің 13-тармағына сәйкес, есептік кезеңде лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012533 .
✅Білу маңызды! ҚР Еңбек кодексінің 90-бабының 1-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі (Қазақстан Республикасында атап өтілетін мереке күндері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңымен белгіленеді https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000267_ ).
Еңбек демалысының ұзақтығындағы жұмыс күндерінің саны білім беру ұйымының жұмыс уақытының балансына (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=32724219&pos=6;-108#pos=6;-108 ) байланысты.
✔️Келесі жағдайды қарастырайық:
✅Педагогке жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ұзақтығы 56 күнтізбелік күн беріледі («Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ 12-бабы 1-тармағы 3) -тармақшасы).
✅Ұзақтығы 56 к/күн болатын ақылы еңбек демалысының кезеңі - мемлекеттік мереке (6 шілде - Астана күні) есепке алынбай, 2025 жылғы 2 маусымнан 28 шілде аралығына айқындалды.
🔶Демалыс кезеңіндегі жұмыс күндерінің саны:
Бес күндік жұмыс аптасы:
39 жұмыс күні, 2 маусымнан 28 шілде аралығы (56 к/к).
Есептелген еңбек демалысының ақысынан Қазақстан Республикасының заңнамалармен белгіленген тәртіппен жеке табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер ұсталады!