Кір жуғыш машиналардың операторларына қанша күн ақылы еңбек демалысы беріледі? Оларға еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін қосымша ақы қарастырылған ба?
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі -Кодекс) 139 бабы 10- тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодекстің 1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-нқ бекіткен ҚР ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес кір жуғыш машиналардың операторлары лауазымы білікті жұмысшылар тобына жатады.
Сонымен қатар, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі -Қаулы) сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес еңбегі кәсіптік даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар кіреді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кір жуғыш машиналардың операторлары білікті жұмысшылар ретінде азаматтық қызметшілердің құрамына кіреді, сондықтан оларға лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген«Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, сондай-ақ оларды беру қағидаларының» «Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсіптері» деген 46-бөлімінің 179-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кір жуғыш машиналардың операторларынаұзақтығы күнтізбелік 6 (алты) күнді құрайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған Қаулының 18-қосымшасының 9-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ауыр (аса ауыр) дене жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметшілер мен жұмысшыларға БЛА-дан 30% мөлшерінде қосымша ақы көзделгенін ескеру қажет.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген Қағидалар нормаларының негізінде кір жуғыш машиналардың операторларына лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 30 күннен кем емес және 6 күнтізбелік қосымша күнмен жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін БЛЖ-дан 30% мөлшерінде қосымша ақы беріледі.