САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ - ҚОРЫТЫНДЫЛАР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің биылғы жылғы соңғы отырысы өтті.
Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева бастаған Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі 14 мәселені талқылады. Отырыста 2022 жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы 2023 жылға арналған жоспарлар мен Қаулылар бекітілді.
Отырыс жұмысын Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева ашты.
Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, оларды әлеуметтік кепілдіктермен және жеңілдіктермен қамтамасыз ету бөлігінде ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру іске асыру жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Г. Есқалиева баяндады.
«ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру барысында облыстық кәсіподақ ұйымы салалық келісімге сәйкес облыстық білім басқармасымен бірлесіп, сағат жүктемесінің толық сақталуын қадағалау, негізсіз тексерулерден және оларға тән емес функциялардан қорғау, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, ынталандыру және басқа да мәселелер бойынша педагогтардың мүдделерін қорғау бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде», -деп атап өтті Г.Есқалиева.
«Қарағанды облыстық ұйымының кәсіподақ ұйымдарындағы қаржылық тәртіпті нығайту, кәсіподақ мүшелік жарналарын және жарғылық қаржылық міндеттемелерді төлеу, бөлу тәртібі туралы ережені орындау жөніндегі жұмысы туралы» Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы А.Рақышева ақпарат берді.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдарының қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы ережесін бекіту туралы» және «Кәсіподақтың Орталық комитетінің 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын» төраға орынбасарлары В.Беженаров пен Ә.Әбиева таныстырды.
Атқару комитеті республикалық «Үздік ұжымдық шарт» және «Кәсіподақтың үздік құқықтық еңбек инспекторы» байқау-конкурстарын өткізу туралы ережені бекітті. Атқару комитетінің отырысында сонымен қатар басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
Отырыс жұмысын қорытындылай отырып, Салалық кәсіподақ төрағасы Атқару комитетінің мүшелеріне ашық диалог үшін алғыс білдіріп, әріптестерді әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін белсенді қорғауға шақырды.
Қарастырылған барлық сұрақтар бойынша тиісті Қаулылар қабылданды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі