КЕЛІСУ КОМИССИЯЛАРЫНДА ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТӘРТІБІ
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Салалық кәсіподақтың Алматы қалалық ұйымының мүшелігіне кіретін Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының Келісу комиссиясы мүшелерімен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын жақсартуға, атап айтқанда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздеріне, сондай-ақ келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізуге негізделген. Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева Келісу комиссиясын құрудың және оның қызметінің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Семинарға қатысушылар тақырып бойынша көкейтесті сұрақтарын жолдап, жан-жақты жауаптарын алды.
Семинар соныңда келісім комиссия мүшелеріне сертификаттар тапсырылды.
Семинарға қатыса алмаған комиссия мүшелері ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында онлайн режимде оқудан өтті.