АСТАНАДА САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ
Бүгін 12 қазан күні Астанада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында 1) Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағын дамытудың «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» атты Тұжырымдамасын бекіту; 2) «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Жарғысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша төраға орынбасары В.Беженаров ақпарат берді. Күн тәртібінде қаралған қос мәселе бойынша тиісті Қаулылар қабылданды.
Салалық кеңес мүшелері ағымдағы жылғы 20 қарашада өтетін алдағы президенттік сайлауда Қ. К. Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұсынысын бірауыздан қолдады.
Отырыс барысында сондай-ақ Салалық кәсіподақтың «Үздік ұжымдық шарт 2022 жыл» байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Үшінші орынды 1) «Қостанай облысының физика-математика лицейі» КММ және 2)Қарағанды облысының «№ 3 гимназиясы» КММ өзара бөлісті.
Екінші орын - Ақмола облысы, Көкшетау қаласының «№ 2 мектеп-лицейі» КММ.
Бірінші орын-ШҚО, Риддер қ. «№ 25 «Ромашка" бөбекжайы» КМҚК.
Бас жүлдеге - «Жамбыл облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Талас аудандық комитеті филиалы ие болды.
Сондай-ақ, Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының барлық төрағаларына дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық науқанына белсенді қатысқаны және кәсіподақ мүшелерінің балаларының демалысын ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы оқу ағарту Министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Балалық шақ досы» медалі табысталды.
Кеңес отырысы аяқталған соң Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. оның күн тәртібінде жоспарланған мәселелер қаралды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Жұмыс берушілер қауымдастығы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің негізгі ережелерін орындау барысы туралы; Кәсіподақтың Салалық кеңесінің штаттық кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Төраға орынбасары В.Беженаров баяндады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағында ақпараттық жұмыс жағдайы және одан әрі жетілдіру шаралары туралы; Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының 2022 жылғы жаз мерзімінде кәсіподақ мүшелері-қызметкерлер мен олардың балаларының демалысын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі жұмыс қорытындысы туралы; Кәсіподақ мүшелерін марапаттау туралы төраға орынбасары Ә.Әбиева ақпарат берді.
«Шығыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы заңнаманың сақталуындағы қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы Шығыс Қазақстан облыстық ұйымның төрағасы Н.Қасенова сөйледі.
Сонымен қатар Қостанай облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы мен «Қорғау» Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе тыңдалды.
Бұдан бөлек күн тәртібіндегі басқа да мәселелер тыңдалып, талқыланды. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Атқару комитетінің жұмысы сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі