«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2022»: САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы «Мектепке жол-2022» республикалық қайырымдылық науқанына қатысты.
Науқанның мақсаты - аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларды оқу жылына дайындауға материалдық көмек көрсету.
Ағымдағы жылы науқан Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған балалар жылы аясында «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізілді.
Салалық ұйым табыс деңгейі төмен кәсіподақ мүшелерінің балаларына материалдық қолдау көрсетті.
Салалық кәсіподақ барлығы 8692 оқушыға жалпы 148 млн. 600 мыңнан астам теңгенің көмегін көрсетті.
Бөлінген қаражат мектеп формасын, спорттық костюмдер, кеңсе тауарларын, оқушылардың жылы киімдері мен күзгі-қысқы аяқ киімдерін сатып алуға жұмсалды.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық науқанын өткізу мейірімділік идеясын, өзара көмек пен қолдау шапағатын таратады, адамдарды жағымды іс-әрекеттер мен шараларды жүзеге асыруға бастайды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі