САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖАРТЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 120 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУҒА КӨМЕКТЕСТІ
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық инспекторлары кәсіподақ мүшелерінің 15 318 өтінішін қарап, шешті, құқықтық мәселелер бойынша 12 173 тегін кеңес берілді.
Еңбек заңнамасының орындалуын қоғамдық бақылау шеңберінде 1 188 тексеру жүргізілді, 2 620 түрлі еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды, оның ішінде 754 - еңбекақы төлеу бойынша, 855 - еңбек қатынастарын рәсімдеу бойынша және 251 - жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі бойынша. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілді. Құқықтық қызметтің көмегімен жұмыстан босатылған 4 қызметкер жұмысқа қайта алынды.
Кәсіподақ мүшелеріне жеке еңбек дауларын келісу комиссияларында шешу кезінде – 223 жағдайда, соттарда – 17 жағдайда құқықтық көмек көрсетілді.
Кәсіподақ органдарының талаптары бойынша кәсіподақ мүшелеріне республика бойынша жалпы сомасы 124 180 505 теңгені құрайтын заңсыз ұсталған немесе төленбеген ақша сомасы кері қайтарылды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі