ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕУРОПА КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ БАСҚОСУЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының делегациясы 4-6 шілде аралығында Бельгияның Льеж қаласында өткен Білім кәсіподақтарының Еуропалық комитетінің «Сапалы білім мақсатында жұмылу» тақырыбындағы арнайы Конференциясына қатысты.
Конференцияның алғашқы күні Орталық және Шығыс Еуропа кәсіподақтары желісінің (CEENET) кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар секцияларда келесі мәселелерді қарастырды: Білім беру кәсіподақтарының келіссөздер процестеріндегі cтратегиясы; Дағдарыс кезеңінде оқыту; Білім беру саласындағы гендерлік теңдік; Білім беруге Инвестициялар.
Алқалы басқосуға қатысушылар алдында Білім кәсіподақтары Еуропалық комитетінің Президенті Ларри Фланаган және Комитеттің Еуропалық директоры Сьюзан Флокен сөз сөйледі.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева бірінші секцияға қатысып, «Әлеуметтік диалог – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басым бағыты» тақырыбындағы презентациямен сөз сөйледі.
Презентациямен таныстыра отырып, шетелдік әріптестерге еліміздегі әлеуметтік диалогтың дамуы туралы хабардар етіп, әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру тәртібі еңбек заңнамасымен реттелетінін, Салалық және өңірлік келісімдердің рөлі және олардың жасалу мерзімдері; әлеуметтік диалог нәтижелері; кәсіподақтың норма шығармашылық қызметі; Covid-19 пандемиясы кезіндегі кәсіподақтың қызметі; Салалық кәсіподақтың Covid-19 пандемиясы кезіндегі жұмыстары, «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ әзірлеу және қабылдауға қатысу, әлеуметтік диалог құруда басқа кәсіподақтармен ынтымақтастық; сала қызметкерлерінің проблемаларын шешудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі; халықаралық ынтымақтастық және бауырлас кәсіподақтардың көмегі туралы айтып берді.
Сонымен қатар Anxhela Llalla (Албания), Eva Zsuzsanna Szabo (Венгрия), Branimir Strukelj (Словения) өз презентацияларын таныстырды.
Бұдан соң кезек сұрақ-жауаптарға келді, оның барысында барлық сөз сөйлеушілер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шетелдік әріптестер әлеуметтік әріптестіктің біздің еліміздің еңбек заңнамасында жазылғанына таңданысын жеткізді. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданғанына және оның нақты жұмыс істеп жатқанына қызығушылықтарын білдірді. Өзге елдерде әлеуметтік диалог құрудың басқа жағдайлары қалыптасқан, барлық жерде әлеуметтік диалог жолға қойылмаған.
Конференцияға қатысушылар арасында өте қызықты талқылау болды, оның қорытындысы бойынша Қазақстандық салалық білім кәсіподағының презентациясы ең қызықты және үздік деп танылды.
5 шілдеде Арнайы конференциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Арнайы Конференцияның салтанатты ашылуында ұйым Президенті Л.Фланаган құттықтау сөз сөйлеп, пандемия кезеңіндегі мұғалімдер мен кәсіподақтардың рөлі туралы айтты, күрделі кезеңдегі жұмыстар үшін әріптестеріне алғысын білдірді: «Біз пандемия кезеңіндегі мұғалімдер мен білім кәсіподақтарының қол жеткізген жетістіктерін мақтан тұтамыз!».
Сөз соңында Л.Фланаган мұғалім мәртебесін көтеру және салаға жас мамандарды тартуда кәсіподақтардың рөлін күшейтуге шақырды.
Бельгияның Білім министрі Х. Фелеган конференция делегаттарын пандемиядан кейінгі кезеңде сапалы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі қажеттіліктерді, мұғалімдердің әл – ауқатын арттыру мәселелерін және БКЕК-не мүше елдердің білім беруді табысты дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасауды талқылауға шақырды.
Бельгияның неміс қауымдастығының Білім министрі Л. Клингенберг пандемия кезіндегі Министрліктің қызметі туралы хабарлады: барлық мұғалімдер мен орта мектеп оқушыларына ноутбуктер таратылды. Тәлімгерлік институты енгізілуде ; Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша көптеген тегін курстар пайда болды. Л.Клинкенберг өз сөзінде мұғалімдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттырудағы кәсіподақтардың рөлін ерекше атап өтті.
Еуропалық білім комиссиясының саяси стратегия және бағалау жөніндегі директоры С.Херманс пандемия бүкіл әлемге әсер еткенін және ең көп зардапты мұғалімдер шеккенін атап өтті. 2025 жылға қарай бірыңғай Еуропалық білім беру кеңістігі ұйымдастырылуы тиіс және ол үшін Үкіметтер мен кәсіподақтар арасында ең жоғары деңгейдегі әлеуметтік диалог қажет деді ол.
Халықаралық білім беру ұйымының Бас хатшысы Д. Эдвадс өз сөзінде пандемия қиын уақытта барлық ұйымға өз жұмысын қайта құруға мүмкіндік бергенін, оның ішінде дағдарыс кезеңінде мұғалімдерді қолдай алатын кәсіподақтардың қызметіне жаңа леп әкелгенін атап өтті. Өз сөзін қорытындылай келе, Д.Эдвардс кәсіподақтар жұмысын гуманизм қағидаттары бойынша жалғастыруға шақырды.
5 және 6 шілдеде, Конференция қарарларын талқылау бойынша топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Онда білім беру ұйымдарын коммерцияландыру, ерлер мен әйелдердің еңбегіне ақы төлеудегі теңсіздік, гендерлік теңдік, мұғалімдердің еңбегіне ақы төлеу деңгейі, Еуропа елдерінде мұғалім мамандығына қызығушылықтың төмендеуі және т.б. қызықты тақырыптар қозғалды.
Конференция делегаттарының назарына делегаттар арасында қызу пікірталас туғызған «Күрделі трансформация әлеміндегі білім беруді цифрландыру» презентациясы ұсынылды.
Конференция қарарлары талқылағаннан кейін, бірауыздан қабылданды.
Айта кету керек, Білім кәсіподақтарының Еуропалық комитетіне 51 елдің білім кәсіподақтары мүше.