ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасындағы республикалық спартакиаданың тұсауы кесілді.
Спартакиада Білім және ғылым министрлігі мен Салалық кәсіподақтың арасындағы әлеуметтік әріптестіктің аясында ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған жарыстың ашылу салтанаты бүгін Түркістан қаласындағы «Turkistan arena» стадионында өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева, БжҒМ КжТББ департаментінің Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы А. Рахимберлин жарысқа қатысушыларға жалынды сәлем жолдап, сәттілік тіледі.
Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 400-ге жуық қызметкер қатысуда.
Жарыс волейбол (ерлер, қыздар), фотбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері бойынша өтіп жатыр. Мұндай көлемді спорттық дода Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Барлық команда мүшелері жарысқа жақсы дайындықпен келіп, белсенді түрде қатысуда. Республикалық спартакиаданың финалдық ойындары ертең болады.