28 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ
Жыл сайын, 28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасы бойынша бүкіл әлемдегі жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі.
Мерекенің ұрандары жыл сайын өзгеріп отырады, бірақ олардың барлығы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және сақтаумен тікелей байланысты (қауіпсіз жұмыс орындарын құру, жарақат алу жағдайларының санын азайту, зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті арттыру және т.б.).
2022 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы – ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметі туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сала ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 8 363 өндірістік кеңес жұмыс істейді.
Саладағы техникалық инспекторлардың саны - 8 368 адамды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 266-ға артық.
Техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 3 825 тексеру жүргізді, оның ішінде өндірістік кеңестердің бастамасы бойынша – 2 786, қызметкерлердің бастамасы бойынша – 302 737 тексеру мемлекеттік уәкілетті органдар мен білім басқармасының мобильді топтарының құрамында жүргізілді.
Соvid-19 белсенді таралу кезеңінде ауру жұқтырудың алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша барлық жерде мониторинг жүргізілді.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелеріне оқыту бойынша жұмыс жандандырылды. Бұл бағытта Салалық кәсіподақтың Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы және Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстарындағы мүшелік ұйымдарының жұмыстары алдыңғы қатарда.
Кәсіподақ құрылымдары арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды үздік ұйымдастырушы еңбек ұйымдарының республикалық байқауы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салада жарақаттану көрсеткіші 10-нан 8-ге дейін төмендеді.
Бұған қоса, ауыр нәтижемен өндірістік жарақат салдарынан зардап шеккендердің саны 3-тен 5-ке дейін өскені байқалады.
Кәсіподақ съезінде, Кеңес отырыстарында біз жұмыс берушілердің қызметкерлерді міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткізуі туралы мәселені бірнеше рет көтердік. Осы ұстаным бойынша заң нормаларының орындалуына қол жеткізу – мүшелік ұйымдардың алдына қойылған үлкен міндет.
Салалық кәсіподақтың және оның мүшелік ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметі туралы ақпарат Салалық ұйымның ресми сайты және Facebook парақшасында, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.