ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ
18-20 сәуір аралығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының делегациясы жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында болды.
Сапар барысында Салалық кәсіподақ өкілдері Әзірбайжан кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы, Әзірбайжан білім қызметкерлері Тәуелсіз кәсіподағының төрағасы С. Мехбалыевпен кездесіп, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ мен Әзірбайжан білім қызметкерлерінің Тәуелсіз кәсіподағы арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
Тараптар меморандум аясында білім және ғылым қызметкерлерінің әлеуметтік- экономикалық, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы ынтымақтастықты нығайту және дамытуға, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруда кәсіподақтардың рөлін арттыруға, білім беру жүйесін реформалау жағдайында кәсіподақ ұйымдарының жұмыс әдістемелерін жетілдіруге және кәсіподақ жұмысының тәжірибесімен алмасуға келісті.
-
Фото
-