КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ЖИЫН
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің «Қорғау» кәсіподағының ұсынысы бойынша «Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының маңызды құралы» тақырыбында семинар өткізді.
Жиынды ашқан Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров семинарға қатысушы кәсіподақ мүшелеріне Салалық кәсіподақтың қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді.
«Салалық кәсіподақ қызметінің басым бағыты – әлеуметтік әріптестікті дамыту болып табылатынын» ерекше атаған Виктор Федорович бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Семинар барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Адами капиталды, білім және ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің басым бағыттарына түсінік берілді.
Еңбек қатынастарын реттейтін өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттардың рөліне баса назар аударылды.
Семинардың келесі бөлімі сұрақтар мен жауаптарға арналды. Кәсіподақ мүшелері тарапынан түйткілді сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Кәсіподақ төрайымы В.Кушетерова салалық кеңеске және В. Беженаровқа семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, қатысушылар екі сағат ішінде салалық кәсіподақ қызметі туралы толыққанды ақпарат және өзекті сұрақтарына толық жауап алғанын атап өтті, сондай-ақ осындай форматтағы кездесулердің жиі өткізілуіне ұсыныс білдірді.
Салалық кәсіподақ өзінің мүшелік ұйымдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетуге әрқашан дайын.
-
Фото
-