САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ
15-16 наурыз күндері Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева бастаған делегация Қостанай облысында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында делегация Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары басшыларымен В.Цымбалюк (Жергілікті білім кәсіподағы) және В.Кушетеровамен («Қорғау» касіподағы), сондай-ақ облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменовамен кездесті.
Жергілікті кәсіподақ аппаратының қызметкерлерімен кездесу барысында Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, кәсіподақ қозғалысының мәселелері талқыланды. Күні бойы Салалық кеңес мамандары аппарат қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Білім басқармасының басшысы З.Байменовамен және «Қорғау» кәсіподағының төрағасы В. Кушетеровамен кездесу барысында тараптар Салалық кәсіподақтың қызметі туралы хабардар болды.
Кездесулер барысында кәсіподақ жұмысының басым бағыттары барлық деңгейлерде әлеуметтік әріптестікті нығайту және дамыту болып табылатындығына басты назар аударылды, соның арқасында салада білім саласы қызметкерлерінің көптеген мәселелері шешілуде.
«2022 жыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталиннің бастамасымен Әлеуметтік әріптестік жылы болып жарияланды және бұл бастама әлеуметтік әріптестікті жетілдіруге дәйек болады деп үміттенеміз.
Өңірде түйткілді маселелердің түйіні табылып, кәсіподақтар кәсіподақ мүшелерінің игілігі жолында салада кәсіподақ қозғалысын одан әрі нығайту үшін жұмыла жұмыс істейтін болады деп сенемін. Біз өз тарапымыздан әріптестерімізге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз», - деді А.Мұқашева өңірге сапарын қорытындылап.