Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның 8 наурыз – Халыкаралық әйелдер күнімен құттықтауы
ҚАДІРЛІ АНАЛАР!
ҚЫМБАТТЫ АРУЛАР!
Cіздерді шұғылалы көктем мерекесі 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әдеміліктің символы болған Әйел – әлемнің тірегі. Отбасының берекесі ғана емес, қоғамда адал қызмет етіп, мемлекет мүддесі жолында аянбай еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қаншама?!
Ұлт болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуші сала мамандарының басым бөлігі қыз-келіншектер. Егемен еліміздің ертеңі ерекше, болашағы баянды, келешегі кемелді болуына қосқан зор үлестеріңіз, жоғары жетістіктеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Ақ адал қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройдың асқақ биігінен көрініңіздер, қадірлі әріптестер!
Мерейлі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Кең ниетті көктеммен бірге келген әсем мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге шуақ шашсын.
Ізгі ниетпен,
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
А.Мұқашева.