Салалық кәсіподақ төрайымы Түркия мемлекеті білім қызметкерлерінің «Türk Eğitim-Sen» кәсіподағының VII есеп беру-сайлау Съезіне қатысты
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева Түркия мемлекеті білім қызметкерлерінің «Türk Eğitim-Sen» кәсіподағының шақыруымен VII есеп беру-сайлау Съезіне қатысты. Анкара қаласында өткен Съезге 300-ден астам делегат сайланған.
Алқалы жиынға түркітілдес қәсіподақтар бірлестігіне кіретін мүшелік ұйымдардың басшылары да (Әзірбайджан, Қырғызстан, Косово, Македония, Ирак, Румыния, Кипр, т.б) қатысты.
Съездегі құттықтау сөзінде Айгүл Мұқашева Түркі әріптестеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ыстық ықыласын жеткізіп, кәсіподақтардың достығы мен бауырластық байланысы нығая түсуіне тілектестігін білдірді.
Türk Eğitim-Sen кәсіподағының бастамасымен құрылған түркі елдерінің білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Еуразиялық халықаралық бірлестігі (UAESEB) бүгінгі күні үлкен мәртебеге ие ұйымға айналды.
Халықаралық кәсіподақ қозғалысының алдыңғы қатарынан орын алатын «Türk Eğitim-Sen» Түркия Республикасының білім саласындағы ірі қоғамдық ұйым болып табылады, қатарында 400 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар. Есептік кезеңде ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда ауқымды жұмыс атқарылған.
Съезде Türk Eğitim-Sen кәсіподағының төрағасы лауазымына Талип Гейлан бірауыздан қайта сайланды.
Съезд жұмысына Салалық кәсіподақтың делегациясы құрамында Баймбетова Т., Серікова Р., Иманбаев Е. қатысты.