«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫ» ҚБ-НІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы еңбек заңнамасы нормаларын сақтау және міндеттерді жүзеге асыру үшін еңбекті қорғау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Өндірістік кеңес өз қызметін отырыста қабылданып, кәсіподақ органымен бекітілетін регламентке және жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сала ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 8 363 өндірістік кеңес жұмыс істейді.
Саладағы техникалық инспекторлардың саны - 8 368 адамды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 266-ға артық.
Техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 3 825 тексеру жүргізді, оның ішінде өндірістік кеңестердің бастамасы бойынша – 2 786, қызметкерлердің бастамасы бойынша – 302. 737 тексеру мемлекеттік уәкілетті органдар мен білім басқармасының мобильді топтарының құрамында жүргізілді.
Соvid-19 белсенді таралу кезеңінде ауру жұқтырудың алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша барлық жерде мониторинг жүргізілді.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелеріне оқыту бойынша жұмыс жандандырылды. Бұл бағытта Салалық кәсіподақтың Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы және Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстарындағы мүшелік ұйымдарының жұмыстары алдыңғы қатарда.
Кәсіподақ құрылымдары арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды үздік ұйымдастырушы еңбек ұйымдарының республикалық байқауы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салада жарақаттану көрсеткіші 10-нан 8-ге дейін төмендеді.
Бұған қоса, ауыр нәтижемен өндірістік жарақат салдарынан зардап шеккендердің саны 3-тен 5-ке дейін өскені байқалады.
Кәсіподақ съезінде, Кеңес отырыстарында біз жұмыс берушілердің қызметкерлерді міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткізуі туралы мәселені бірнеше рет көтердік. Осы ұстаным бойынша заң нормаларының орындалуына қол жеткізу – мүшелік ұйымдардың алдына қойылған үлкен міндет.
Салалық кәсіподақтың және оның мүшелік ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметі туралы ақпарат Салалық ұйымның ресми сайты және Facebook парақшасында, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
-
Фото
-